Пәлсапа пернелері

НИКОЛАЙ КОПЕРНИК

(19 ақпан 1473 ж., Торунь – 24 мамыр 1543 ж., Фромборк)

Поляк арасынан шыққан астроном, математик, экономист, каноншы. Ғылыми революцияның бастамасы болған әлемнің гелиоцентристік жүйесін алғаш айтқан.

Астрономиялық зерттеулерге сүйеніп, болмыстың мына бейнесін көрсетті: Жер Әлемнің орталығы емес (геоцентризмді теріске шығарды), Жер Күнді айналады (гелиоцентризм), барлық ғарыштық денелер өз траекториясымен қозғалады, ғарыш шексіз, ғарыштағы құбылыстарды табиғат заңдылықтарымен түсіндіруге болады.

Өркендеу дәуірінде астрономия жақсы дамыды; оның себебі теңіз саласының дамуы болды.

 

Философиялық шығармалары:

Астрономия ғылымын тереңдеп зерттеген Коперниктің басты еңбегі – «Аспан сфераларының айналуы».

 

Негізгі идеясы:

Аристотель – Птолемей теориясын терістеу немесе дүниенің гелиоцентристік жүйесін ашу: Жер дүниенің қозғалмайтын орталығы емес, ол өзінің осімен айналады; Дүниенің ортасы – Күн, Жер осы Күнді айналады; Ай Жердің серігі;

Коперник ашқан жаңалықтар дүниенің жаңа бейнесін қалыптастыруға деген талпыныс еді:

«Дүние шексіз, ол жер субстанциясы және аспан субстанциясы болып бөлінбейді, яғни, жер мен аспанды теологиялық қарама-қарсы қою деген жоқ».

«Жер аспан денелерінің біреуі ғана, қозғалыс заңдылықтары Жер үшін де, басқа планеталар үшін де бірдей. Қозғалыс планеталардың бәрінің қалыпты жағдайы». 

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (26/09/2023)
Просмотров: 48 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: