Пәлсапа пернелері

ЛЕОНАРДО ДИ СЕР ПЬЕРО ДА ВИНЧИ

(15 сәуір 1452 ж., Анкиано селосы, Винчи қалашығының маңында, Флоренциядан қашық емес – 2 мамыр 1519 ж., Кло-люсэ замок-қамалы, Амбуаза маңы, Турень, Франция)

Ұлы итальян суретшісі (мүсінші, сәулетші), мелиоратор, гидротехник, механик, геолог, палеонтолог, ботаник, оптик және ғалым (анатом, математик, физик, сынақшы), Жоғарғы Қайта Жаңғыру кезеңіндегі ірі өнер қайраткерлерінің бірі, итальяндық Ренессанс кезеңіндегі идеал.

Ол өз уақытында бірнеше ғасырды жақындатты. Тәжірибелік, эксперименталды әдісті қолданды.

 

Философиялық шығармалары:

«Құдай – қажеттілік кепілі», «Адам – табиғаттың ұлы құралы» деген еңбектер жазды.

Да Винчидің философиясы беделділіктің әсерінен бас тартып, тәжірибеге, адамның ақыл-ойының күшіне сену негізінде табиғаттың бірлігін, адамзат мәдениетінің өміршеңдігін дәріптеумен ерекшеленеді.

Ол осы тұрғыдан ортағасырлық схоластиканы сынға алып, оны софистика сияқты пайдасы жоқ ілім деп санады. Жалпы алғанда, да Винчи «философиялық іс, іздестірудің өзі пайда бермейтін іс, себебі табиғат Құдайдың заңдылыған емес, өзінің қажеттілік заңына бағынады да, үздіксіз өзгерісте, даму үстінде деп тұжырымдайды. Мысалы, белгілі бір жағдайда су буға, бу мұзға, мұз қайтадан суға айналады.

 

Философиялық көзқарастары:

Да Винчи әл-Фараби мен ибн Рушдтың «екі ұдайы ақиқат» теорияларына қарсы болды. Оның ойынша, діни ақиқат деген жоқ, себебі Құдайдың өзі жоқ, шын ақиқат – тек ғылыми ақиқат қана. Ғылымда табысқа жетудің бірден-бір жолы – математика тәсілі мен тәжірибе. Жалпы ғылыми жетістіктердің құндылығы олардың практикада қолданылуға мүмкіндігінің болуымен айқындалады.

Осы тұрғыдан ол механикаға (теория мен практиканың бірлігі ретінде) аса зор көңіл бөліп, өзі осы айтылған инженерлік идеяларды жүзеге асыруға тырысты (парашют, ұшатын қанат, тоқыма станогі, т.б.)

Да Винчи алғашқылардың бірі болып сурет өнері саласында сынның мазмұны туралы пікір айтып, эстетикалық талғамның қалыптасуына үлкен әсер етті.

 

Философиялық афоризмдері:

...қарт кездің керегі даналық екенін ұққың келсе, жас шағында да сол қартайған кезің керексіз қылмайтындай етіп іс жаса.

* * *

Сен өзіңе қартайған кезде тап болатын кінараттың бәрінің жылдар бойы орнын толтыратын есеңді жастық шағыңда қармап қал.

* * *

Жамандықты жазаламаған адам – оның дем берушісі.

* * *

Кім көп еңбек етсе, бақыт соған қонады.

* * *

Жақсы айтылған сөз, қай тілде айтылса да, жаттық етпейді.

* * *

Табандылық – кез келген кедергіні жеңеді.

* * *

Қателеріңді көрсеткен қарсыласың оларды жасырғысы келген досыңнан көп пайдалы.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (19/06/2023)
Просмотров: 56 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: