ЛОРЕНЦО ВАЛЛА (1407 ж., Рим немесе Пьяченца – 1457 ж., Рим, Папа өңірі) Итальяндық гуманист, тарихи-философиялық сынның көшбасшысы, тарихи эрудиттер мектебінің өкілі. Өзінің еңбектеріндегі басты идеяларды эпикуреизм руханда топтастырды.
Философиялық шығармалары: «Ақиқаттың игілік тұрғысындағы ләззаттану туралы» деген трактаттың авторы. Сондай-ақ, орыс және басқа да еуропа тілдерінде жарыққа шықққан «Об истинном и ложном благе» (1519), «О подложности Контантинова дара», «О монашеском обете», «История деяний Фердинанда», «Константинов дар», «О красотах латинского языка» (1544) деген еңбектердің де авторы.
Философиялық көзқарастары: Біріншіден – шіркеуді терістеді, схоластиканы жасандылығы үшін сынады; Екіншіден – адам мүмкіншілігі мен парасатына сенді; Үшіншіден – адам мәселесін жете зерттеді, оны әлем орталығы деп санады; Төртіншіден – әйел мен ер адамдар еркіндігін жақтады; Бесіншіден – белсенді іс-әрекетке, күреске, дүниені өзгертуге шақырды; Алтыншыдан – аскетизмді теріске шығарды. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 54 | |
Всего комментариев: 0 | |