ФРАНЧЕСКО ПЕТРАРКА (20 шілде 1304 ж., Ареццо – 19 шілде 1374 ж., Аркуа, Падуи маңы) Италиялық ақын, ойшыл, алғашқы гуманист, ғалым, қоғам қайраткері. Петрарка қайта өркендеу дәуірі әдебиеті өкілдерінің бірі. Петрарка бастауыш білімді латын тілінде алған, кейін Монпельедегі құқық мектебінде, болонья университетінде оқып, 1326 жылы діни дәреже алған. Авиньондағы Клара шіркеуінде сүйіктісі Лаураны кездестірген (1327).
Философиялық шығармалары: Петрарка шығармаларында махаббат лирикасы ерекше орын алды. «Канцоньере» («Өлеңдер жинағы») атты 2 бөлімді «Мадонна Лаураның өліміне» (1327 – 74) арнаған туындылары жарияланды. Куртуаздық лирика дәстүрінде жазылған жинаққа 317 сонет, 29 канцон, 9 сикстин, 7 баллада, 4 мадригал, махаббат, философиялық, саяси тақырыптарға арналған үндеулер енді. Оның бұл жинағы ұзақ уақыт бойына еуропа лирикасының көшбасшысы болып келді. Петрарка өз заманында классикалық көне мәдениетті жаңғыртушы, сөз нерін мадақтаушы ретінде танылса, он алтыншы ғасырдан тек поэзияда ғана емес, эстетика мен сыншыл ой төңірегінде де петраркизм дәуірі басталды. Сципион Африканскийдің жорықтары туралы жазылған «Африка» (1338-42) атты эпикалық поэмасы Рим мен Карфаген арасындағы соғысты суреттеді. Вергилийге еліктеп жазған 12 эклогтан тұратын «Буколиктер» (1346-57( еңбегі жарық көрді. Петрарка еуропа әдебиетінде алғаш хат үлгісіндегі трактаттар жазды. Әулие Августинмен диалог түрінде құрылған «Дүниенің келеңсіздігі туралы» (1342-43) философиялық трактатында өзін-өзі байқау, тексеру көрініс тапқан. «Салтанат» (1354) Лаураға жолдаған аллегориялық арнау болса, автобиографиялық прозаның үлгісі «Ұрпаққа хат» (1374), «Проза туралы трактаттар» (1346-74) т.б. туындыларынан көрінеді.
Негізгі идеялары: Адам өмірге бір-ақ рет келеді, өмір – жайсаң; Адам Құдай үшін емес, өзі үшін өмір сүруі тиіс; Адам табиғи әрі рухани тұрғыда еркін болуы тиіс; Адам өз-өзіне, өз күшіне сүйене отырып, бақытқа жете алады; О дүниелік өмір жоқ, адам тек адамзат жадында мәңгілікте қалады; Адамның ішкі дүниесі мен сырт бейнесінің сұлулығының гармониясы. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 63 | |
Всего комментариев: 0 | |