ДЕЗИДЕРИЙ ЭРАЗМ РОТТЕРДАМСКИЙ (28 қазан 1466 жыл, Гауда, Роттердам маңында – 12 шілде 1536 жыл, Базель) Нидерландтық философ-гуманист.
Философиялық шығармалары: «Ақымақтықты мадақтау», «Аспанға жіберілмеген Юлий», «Мақалдар» және т.б. Католик шіркеуіне бағытталған христиандық гуманизм бағытының өкілі, жас кезінде Нидерланды монастырінде монах болып, XV ғасырдың соңында Лондонда өмір сүрді. Көне грек тілінде жазылған көптеген еңбектерді латын тіліне аударды. Өз ілімін «Христ философиясы» деп атады, ол алғашқы христиандықтың идеялары мен идеалдарын қайтадан дамытуға бағытталған. Роттердамский адамның Інжіл (Библия) уағыздарына сүйене отырып, өзін сол жоғары деңгейге көтере алатынына сенімді, тек оны толық меңгеру керек, дінге сенушінің кейпіне өтірік ену дұрыс емес дейді. Бірақ Роттердамский Інжілді халықтың арасында таратушы ғана емес, рационализмді насихаттаушы, ал бұл діни ілімнің қағидаларына қайшы келіп отырды. Осы ерекшелік оның «Ақымақтықты мадақтау» еңбегінен байқалады.
Философиялық көзқарастары: Адамдардың басым көпшілігі ақымақтар, сондықтан адам қоғамы ақымақтыққа толы, бәрін жасайтын ақымақтар және ақымақтардың арасында. Ақымақтық көпшіліктік, ұйымдық сипатқа ие. Оның көріністерінің ең қайғылысы – соғыс, ол христиандар ұмтылуға тиіс ізгілікті жоқ етіп отырады. Осының бәрі адамдардың кім, қандай дәрежеге ие екеніне қарамастан, ақымақтық ауруына душар болып отырғанын дәлелдейді, бұлардың арасында корольдер мен папалар да бар. Эразм бұл қағиданы Христосқа байланысты да қолданады: «Христиандық сенім ақымақтықтың бір түрі секілді, құдайға ақымақтардың ұнайтыны кездейсоқ емес». Ол дінбасыларды «маса толы батпаққа» жәе улы өсімдікке теңейді, ақымақтық даналықтан күшті деп есептейді. Эразм Роттердамский ақымақтықты даналықтан күшті деп пайымдайды. Себебі сезімдік адам тәнімен байланысты, сондықтан ол адамның басында жиналған ақыл-ойдан күрделі, яғни адамға адамгершілікті сақтау қиынырақ. Өмір иррационалды. Адамның бақыты оның адаспаында емес, керісінше, адасуында, даналыққа ақымақтықты кішкене болса да араластырып отыруында. Бақыт заттың өзіне емес, адамдардың ол туралы пікіріне байланысты. Сол себепті адам өмірі күрделі, түсініксіз, ештеңені білу мүмкін емес. тек «табиғат қана адаспайды», ол адамдарды ақымақтықтан құтқарады, ғажайып, керемет күш жоқ, ол тек табиғаттың өзі, бірақ табиғатты да танып білу мүмкін емес. Адам өмірін бастайтын да, аяқтайтын да – Құдай, бірақ екі ортадағы өмір ағымында адамға еркіндік қажет. Бұл еркіндік белгілі бір мөлшерде: ерікті ақыл-ой реттеп отыруы қажет. Шамадан, мөлшерден көп ештеңе болмауы керек. Роттердамскийдің өзі де осы принципке сүйенді. Тілі ащы болса да, сақ болды.
Философиялық афоризмдері: Жастықтағы күнәміздің сазайын қартайғанда тартамыз. * * * ...кез-келген заттың екі жағы бар: өлімнің артында өмір, өмір – өлім, әдемі – ұсқынсыз, байлық – кедейлік, білімдік – надандық... * * * Кітапханам қайда болса, менің отаным – сонда. * * * Адамзаттың ұлы дүниелерін қисын емес, адамдардың ессіздігі тудырған. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 69 | |
Всего комментариев: 0 | |