НИКОЛАЙ КУЗАНСКИЙ (КРЕБС) (1401 ж., Мозелдегі Куза – 11 тамыз, 1464 ж., Тоди, Умбрия) Кардинал, XV ғасырдағы ірі неміс ойшылы, философ, теолог, ғалым, математик, шіркеулік- саяси қайраткер. Діндар, пантеизм өкілі, жалпы қайта жаңғыру заманының диалектигі.
Философиялық шығармалары: «Ғалымдық білімсіздік», «Ғалымдық білімсіздік апологиясы», «Мүмкіндіктің болмысы туралы», «Жер шарының айналуы туралы», «Құдайдың көріпкелдігі туралы» және т.б.
Философиялық көзқарастары: Кузанскийдің пікірінше, әлем қарама-қарсы заттардан тұрады және олар, математикадағы теңдеудің екі жағындағы мүшелерінің бір-біріне өте алатыны сияқты. Ауысқан қарама-қарсылықтардың теңесуі тек Құдайға ғана тән. Жалпы алғанда, материалдық денелер Құдай жаратқаннан кейін өз заңдылықтары бойынша дамып, өзгеріп отыратын болғандықтан, оларды танып-білуге болады. Бұл ретте адамдарға математикалық тәсіл мен тәжірибе көмектеседі. Кез келген теориялар мен концепцияларды тәжірибеде дәлелдеуге, не болмаса теріске шығаруға болады. Адамдар да заттар сияқты микрокосмосқа жатады және ол құдайдың көрінісі болып табылады. Бірақ өзінің ақыл-ойының, іс-әрекеттерінің арқасында Құдаймен қатар тұрады. Осыдан келіп. «Адам дегеніміз – оның ақыл-ойы» деп тұжырымдайды. Ақыл-ойды табиғаттың заңдылықтарын білу арқылы үздіксіз толықтырып отыру қажет. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 64 | |
Всего комментариев: 0 | |