Пәлсапа пернелері

ӘБІЛ УӘЛИД МҰХАММЕД ИБН АХМЕТ ИБН РУШД (АВЕРРОЭС)

(1126 ж., Кордова, Испания – 10 желтоқсан, 1198 ж., Марракеш, Марокко)

Атақты батыс араб философы, мемлекеттік қайраткер, дәрігер, ғалым, тамаша шешен-оратор, шығыс перипатетизмінің өкілі.

Ғылымда қосұдайылық ақиқат туралы ілімімен танымал. Оның замандастары былай деген екен: «Аристотель табиғатты түсіндірсе, ал Аверроэс Аристотельді түсіндірген».

Ол Аристотель ілімін жалғастырды.

 

Философиялық шығармалары:

«Философия мен діннің арасындағы байланысқа қатысты шешім шығаратын пайымдау», «Медицинаның жалпы ұстанымдары туралы кітап», «Теріске шығаруды теріске шығару», «Логика жөніндегі трактаттар», «Уақыт проблемасы», «Философия мәселелері», астрономия жөніндегі трактаттары (барлығы 70 трактат), Платон мен Аристотель еңбектеріне жасалған кең көлемді түсініктемелер (жалпы саны – 18) және т.б.

 

Философиялық көзқарастары:

Ибн Рушдтың метафизикасы барлық Мәнділіктің, материя мен қозғалыс мәңгілігінің бірінші себебі ретіндегі құдай идеясына негізделді. Ибн Рушд Ибн Синаны оны жеке жанның өлмейтіндігі туралы ілімі үшін сынады. О дүниелік өмірде қайта тірілу туралы ережені теріске шығарды.

Қосқұдайылық ақиқат туралы ілімінің келелі мәселелер жиынтығы-сенім мен зерде проблемасы. Ибн Рушд таным тек рационалистік мәнмәтінде ғана жүзеге асырылады деп есептеді. Алайда, сенім құрандық ақиқат негіздерін тану рацмоналдық тәсілде де, сондай-ақ нышандық-аллегориялық тәсілде де жүзеге асуы мүмкін. Ақиқаттың қосұдайылығы туралы ілімі ибн Рушдтың герменевтикалық ілімі болып табылады.

Ортағасырдағы түсіндіру ретіндегі герменевтика классикалық емес философияның бағыты ретінде философиялық герменевтикадан ерекшеленеді.

Ибн Рушдтың тұғырнамасында түсінік берілетін, автор бейнесіне «көндіру» әрекеті байқалады, бірақ та философ бұдан кейінгі жерде Аристотель мәтіндерін өзінен өзі кетудің мүмкін еместігін тамаша түсіне отырып өз тарихи уақыты мен өз Мені тұрғысынан түсінуге келеді.

Ибн Рушд Қасиетті жазуларды оқуда терең танымдық қабілеттерді қалыптастыру үшін ежелгі грек мәтіндерін түсіндіру қажет деп есептеседі.

Негізін салушы Ибн Рушд болып есептелетін, ашылулар ақиқаты мен философия ақиқатының маңыздылығын анықтайтын қосұдайылық ақиқат теориясы іс жүзінде дүниені Қасиетті мәтіндер мен философия нышандарында түсіну бірлігінің герменевтикалық тұғырнамасын білдіреді.

Мұсылман философтар тек қана Қасиетті мәтіндерді ғана емес, сондай-ақ ежелгі грек философиялық мәтіндерін де формальды түсіндіруге қарсы шықты. Олар көптеген мутакаллимдер мәтіндерді сөзбе-сөз қуалауды абсолюттік мақсатқа айналдырып, Қасиетті жазулардың шынайы мағынасынан аулақ әкетеді деп ұйғарды, мұнымен бір уақытта көптеген ғалымдар да антикалық мәтіндердегі формальды логикалық құрылыстарға көп еліктей отырып, философиялық шығармалардың мағынасын бұрмалады. Сондықтан да мұсылмандық философтар болмыс мағынасын түсінуде бірлік пайда болатын білім мен сенімнің нақ бастамасын іздеуге әрекеттенді. Ақиқат білімнің бұл бастамасына герменевтика әкелуі тиіс болды.

Ибн Рушд сопылықты да оның Құдаймен бірігіп кету теориясы үшін сынады, адам бар болғаны адам болып қалады деп есептеді. Алайда, Ибн Рушд ешқашан да философиялық емес ілімдердің барып тұрған сыншысы болған жоқ. Оның сыны әрқашан да төзімділік ұстанымдарына құрылды, мұнымен бірге ол өзінің дәлелдері мен дәлелдеулеріне сенімді болды. Сондай-ақ мемлекеттің әлеуметтік-саяси доктринасына, юриспруденция мен білім беруге де елеулі үлес қосты. Білім беруді адамның кемелденуіндегі мәңгі үздіксіз үдеріс ретінде түсінді.

Ол жалпы, дүниені үздіксіз өзгерістегі процесс деп қарады. Ол мынадай үш түрлі қорытынды жасады:

- материалдық дүние мәңгі;

- барлық құбылыстар себепті байланыста;

- әрбір жеке зат өледі, адам өлмейді деген пікірді ол жоққа шығарды.  

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (24/04/2023)
Просмотров: 62 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: