МУХЙИДДИН МҰХАММЕД ИБН ӘЛИ ИБН МҰХАММЕД ИБН АРАБИ ӘЛ-ХАТИМИ АТ-ТАН ӘЛ-АНДАЛУСИ (Мурсия, 28 шілде 1165 ж. – Дамаск, Сирия, 10 қараша 1240 ж.) Испаниядан шыққан суфизмнің ірі өкілі әрі теоретигі. Ғылымда «Ұлы ұстаз» (аш-шайх әл-акбар) деген атымен танымал.
Философиялық көзқарастары: Онтологиялық қырынан алғанда әдеп – бұл универсалды нақтылық (логос). Онда феноменалды болмыстың дифференциалды емес және потенциалды жағдайларындағы барлық түрі сақталған. «Адамда әлемдегі барлық мәнділік потенциалды түрде жинақталады», одан ғарыштың бүкіл алуан түрлілігі туындайды. Адам-логос – бұл әлемнің алуан түрлілігі өріс алатын монада. Екінші тұғыр – ғарыш. Ғарыштың өзі жетілген адамның бір келбеті ретінде қарастырылады. Адамның өзі әлемдегі барлық нәрселер ішіндегі ең жетілген және ол Ғаламның көшірмесі сияқты жетілген адамның ерекшелігі сонда – дәл осы адамнан абсолют өзін тани алады, дәл адамда ғана құдайдың барлық қырлары синтезделеді. Адам эзотериялық білім арқылы ғана құдаймен Тұтастыққа қол жеткіздеі және тұтастықпен сүйіспеншілік экстазында қосылады. Сонымен адам гнозисте (танымда) Тұтастықпен өзінің субстанционалды бірлігіне қол жеткізеді, әлемдік үдерістермен үйлесе отырып, Ғаламның жалпы ырғағына енеді, әлемдік бүтіндіктің бір бөлшегіне айналады. Дәл осы жағдайда ғана адам толық еркіндікке жетеді. Ибн Араби төзімділікті уағыздайды. Ол діннің адамдарға үстемдік ету мақсатында қолданылуына қарсы шығып, бүкіл діндер мен наным-сенімдер теңдігін жариялады. Бұл идея гнозис принципінен келіп шығады, өйткені гностик өзгелерін теріске шығара отырып, бір ғана наным-сеніммен өзін шектемейді, себебі әрбір құдіретті нәрседен ол құдайды көре алады. Құдай өзін әртүрлі формада көрсетеді және барлығында да оның құдіретті қуаты мен сұлулығы көріне алады. Ибн арабидің плюрализмі барлық діндердің тең құқылығын, әрбір адамның тең құқылығын, әрбір адамның жеке сеніміне құқытылығын мойындауға мүмкіндік береді. Ибн Арабидің тұжырымдауынша, құдайға барудың жолв ртүрлі, бірақ оның бәрі ақыры соңында Тұтастықты мойындауға әкеледі. Әралуандылық пен айырмашылықты көре білу және осы айырмашылықтан Тұтастықты аңғарып, оған құштар болу – міне, осы әдепке тән қасиет. Егер құдайға деген сүйіспеншілік жетілген нағыз, шынайы болса, онда бұл құштарлықтың нәтижесінде Құдаймен бірігуге адамның қолы жетеді. Ибн Арабидің пікірінше, сүйіспеншілік ғашықтық себебі және қозғаушы күші болып табылады, онсыз еш нәрсе де өмір сүрмес еді. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 61 | |
Всего комментариев: 0 | |