ӘБУ АБДОЛЛА (немесе ӘБУ ЖАФАР) МҰХАММЕД ИБН МҰСА ИБН ӘЛ-ХОРЕЗМИ (шамамен 783 ж. – шамамен 850 ж. Хорезм (Өзбекстан)) Ортағасырлық Ұлы ғалым – математик (алгебралық тәсіл «әл-джебрді» ойлап тапты), астроном (жұлдызшы), тарихшы, жағрапияшы. Бұл ғалымның өмірі туралы мәліметтер өте аз сақталған. Әл-Хорезми есімі оның туған елін көрсетеді – ортаазиялық Хорезм мемлекеті (қазіргі – Өзбекстан аумағы), ал ғалымның тағы бір лақап аты – әл-Маджуси – оның ата-тегінде зороастриялық абыз-жәдігөйлер (арабша «маджус») бар екендігін көрсетеді. Әл-Мамүн (813-833) халифінің кезеңінде Әл-Хорезми Бағдаттағы Академия іспеттес «Даналық үйі» кітапханасын басқарды. Әл-Васике (842-847) тұсында Әл-Хорезми хазарларға экспедицияны басқарды. Әл-Хорезми хазарларға экспедицияны басқарды. Әл-Хорезми жайында сақталған соңғы мәлімет 847 жылға сәйкес келеді.
Шығармалары: Оларға арифметика бойынша ең алғаш позициялық қағидаларға негізделген нұсқау жазылды. Сонымен қатар, оның алгебра және күнтізбе жайында трактаттары сақталды. Мұхаммед әйгілі «әл-жебр уәл-мұқабала кітабы» - «Қалпына келтіру және қарсы қою туралы кітап» кітабын (сызықты және С еллек теңдеулерді шешуге арналған) жазды, оның атынан «алгебра» атауы шықты. Оның алгебра бойынша трактатында геометрия, тригонометриялық кестелер және қалалардың ені мен ұзындығы жайында тараулар бар. Әл-Хорезми өзінің ұрпаққа өлмес мұра етіп қалдырған төмендегідей тоғыз ірі көлемді шығармалардың авторы болып саналады: 1. Үндістан арифметикасы туралы кітап – Көне Үндістан есептерінің және амалдарының талдауына арналған; 2. Алгебра (Ал-джабр) және алмукабаланың есептеулері туралы қысқаша кітап – Алгебра ғылымының негізгі қағидалары мен амалдарын жинақтауға арналған; 3. Астрономиялық таблицалар (зидж) – Жұлдызнамалық еңбек, яғни аспан денелерінің, ғаламшарлардың қозғалысын зерттеуге арналған; 4. Жер шары бейнесінің кітабы – планетамыздың жағрапиясы, яғни Жер бедерін, елдер мен өзен, көлдерді, таулар мен шөлдердің орналасуын анықтап, картаға түсіруге бағытталған; анықтап, картаға түсіруге бағытталған; 5. Астролябияның көмегімен жасалатын зерттеу әдістері туралы кітап; 6. Күн сағаттары туралы кітап; 7. Еврейлер дәуірінің (пайғамбарлар дәуірі) сипаты және оның мейрамдары туралы трактат; 8. Тарих кітабы – адамзат тарихына арналған туынды.
Әл-Хорезми нұсқауы арифметиканың дамуына өте маңызды рөл атқарды. Автордың есімі латындалған түрінде Algorismus және Algorithmus ортағасырлық Еуропада бүкіл ондық арифметика жүйесін білдіретін болды. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 73 | |
Всего комментариев: 0 | |