Пәлсапа пернелері

ӘБУ-НАСЫР МҰХАММЕД ИБН МҰХАММЕД ИБН ҰЗЛАҒ ИБН ТАРХАН ӘЛ-ФАРАБИ АТ-ТҮРКИ

(870 ж., Отырар қаласы (Қазақ елі) – 950 ж., Дамаск, Сирия)

Философиялық афоризмдері:

Білім қуған жанның ойы күнделікті күйбеңнен көп алыста жатады.

* * *

Шын білім – ақиқат, анық білім.

* * *

Ғылым адам санасына болмысы бөлек, ерекше ұтырлы ұғымдарды орнықтыру арқылы ғана терең ұялайды.

* * *

Ғылыммен айналыссам деген адамның ақыл-ойы – айқын, ерік-жігері – зор, тілек-мақсаты – ақиқат пен адалдыққа қызмет етуге талап жолында болуы шарт. Жай ләззат іздеу, кәсіпқұмарлыққа ұқсас әрекет онда болмасқа керек.

* * *

Мінез – жанның айнасы.

* * *

Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты.

* * *

Сұлу саз жан сергітеді.

* * *

Тән ауырса, жан да ауырады.

* * *

Тәрбиелеу дегеніміз – адамның бойына білімге негізделген этикалық құндылықтар мен өнер қуатын дарыту.

* * *

Адамның тоқымашы не хатшы болып тумайтыны тәрізді, қайырымдылық пен қайырымсыздық та жаратылыстан бойға бітпейді.

* * *

Адамның тәндік жаратылысының дамуының негізгі көрсеткіші деннің саулығы.

* * *

Ізгі және қажетті шаруа атқарған адамның бәсі де жоғары болуы керек.

* * *

Адам кез келген жұмысқа жарамды бола бермейді.

* * *

Өз ісіңнің білгірі һәм шебері атану үшін жақсы жұмыс істеп, жетік білуге ұмтылу керек.

* * *

Қандай әрекет жасап, қандай іс істер болсаңыз да – игілігін көріп, рахатына бөленуді мақсат тұтқан жөн.

* * *

Адамның жақсы әрекеттер жасауға да, жаман әрекеттер жасауға да туабітті мүмкіндігі мен қабілет-қарымы жетеді.

* * *

Дұрыс әрекет – мақсатқа жеткізер жолды дұрыс таңдаудан басталады.

* * *

Ең тамаша әрекет – бақытқа қол жеткізетін еркіндік.

* * *

Талпыныс тәжі – табандылық.

* * *

Өнер біткеннің бәрі бірдей – бір адамның құшағына сыймайды.

* * *

Поэтикалық шығармалардың қай-қайсысы да бір нәрсені қиялмен жақсы бейнелеп шығуға ғана арналады.

* * *

Өнердің теориясын меңгеру дегеніміз – өнерге қатысты мәселелерді ақыл арқылы ұғыну және талғам қабілетін игеру.

* * *

Бақыт, қуаныш және ләззат сезімдері асқан сұлу, ең әсем және аса көркем дүниелерді қолмен ұстағандай айқын және кемел дүниелер ретінде танып-білу арқылы ғана пайда болып, толық болмысқа ие болады.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (13/02/2023)
Просмотров: 91 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: