Пәлсапа пернелері

ӘБУ-НАСЫР МҰХАММЕД ИБН МҰХАММЕД ИБН ҰЗЛАҒ ИБН ТАРХАН ӘЛ-ФАРАБИ АТ-ТҮРКИ

(870 ж., Отырар қаласы (Қазақ елі) – 950 ж., Дамаск, Сирия)

Философиялық көзқарастары:

Философияға идеалист болғанымен құдайға сенсе де, әл-Фараби ғылыми жұмыстар жүргізіп, оны материализмнің пайдасына шешті. Ол дүниені алты бөлшектен тұрады деді. Олар жай бөлшектер, минералдар, өсімдіктер, жануарлар, адамдар, аспан денелері. Ол дүниені тануға болады, ал танымды тудыратын сезім мүшелері деді.

«Мұсылман Ренессансы» деген атауға ие болған сол заманға тән белгілері оның шығармаларымен белгілі бір дәрежеде өз орнын алады. Әл-Фарабидің шығармаларында көне замандағы дәстүрдің және «Бірінші Ұстаз» деп Шығыста аталып кеткен Аристотельдің тарих барысында қалдырған әсері, неоплатонизмнің, несторианшылдықтың әсері және исламның әсерімен Аристотель идеяларының өзгеруі айқын көрінеді. Әл-фарабидің Аристотельге бас игені сөзсіз. Сол сияқты ол Аристотель идеяларының ең жақсылары мен бағалыларын әрдайым таңдап ала бермейтіні де даусыз. Бірақ біз үшін ерекше бағалаы жағы да сол – ол Аристотель ілімінің формальдық жағынмен ғана шектелмейді, диалектика элементтеріне, мәселені қарама-қарсы қоюына белгілі дәрежеде көңіл бөледі, сыртқы дүние мен сезім мүшелері арқылы жүзеге асатын байланыс таным логикасының іргетасы болып табылатынын дәлелдейді. Сондықтан да ХІ ғасырда өмір сүрген әл-Фарабидің ізін қуушы атақты Әбу Әли Ибн-Сина (980-1037) тек Әбу Насыр түсіндірмелері арқылы ғана Аристотель еңбектерінің ойын ұғып, қуанғанынан қайыршыларға садақа үлестіргені жайлы жазған екен.

 

Философиялық афоризмдері:

Ар-ождан алдындағы адалдық – өз қадір-қасиетіңе, ізгі іс-әрекетіңе байланысты.

* * *

Шыншылдық адалдықпен ағзалас.

* * *

Өрге жүзген өнегелі ісімен,

Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен.

* * *

Тіршілікте құыштай бол төзімді,

Сан мәрте ел алдаса да өзіңді.

Тағдырыңды еш уақытта жазғырма,

Кезде-дағы әзәзілдер азғырған.

* * *

Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді.

* * *

Мінез-құлық міні – рухани кеселге жатады.

* * *

Бейқамдық сәтсіздікке бастайды.

* * *

Жүргендер көп достық атын малданып,

Қалмағайсың сен де бірде алданып.

* * *

Өз бойында оқ қасиеттерге құмар кісі көлгір келеді.

* * *

Білімді болу деген – жаңалық ашуға қабілетті болу. (жалғасы бар)

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (06/02/2023)
Просмотров: 81 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: