Пәлсапа пернелері

УИЛЬЯМ ОККАМ

(шамамен 1285 ж., Оккам, Суррей графтығы, Оңтүстік Англия – 1349 ж., Мюнхен)

Ағылшынның ортағасырлық философы, номиналистік бағыттың көрнекті өкілі, Оккамдық францискандық монах, номинализмді жақтаушылардың бірі, томизмді (Фома Аквинскийді) номиналистік тұрғыда сынға алды, яғни адам ерігін парасаттан жоғары қойды.

 

Философиялық көзқарастары:

Оның пікірінше, әлем жеке заттар мен мәндерден тұрады. Мәнділіктердің негізгі анықтамаларының қасиеттері (трансценденталистері) өзінен бөлінбейді және қажеттіліктің арқасында оның мәнінен тікелей туындайды. Трансценденталистер категориялардан да, біртектес заттарды қамтитын жалпы ұғымдардан да жоғары тұрады. Ал категориялар мен жалпы ұғымдар заттардың таңбасы, белгілері ғана, олай болса, олар жеке-дара өмір сүре алмайды, тек қана адам ақыл-ойында болады. Ақыл-ойдан тыс өмір сүретін тек жалқылар болғандықтан, таным процесі заттарды, құбылыстарды түйсіктер арқылы бейнелеуден басталады, сыртқы және ішкі тәжірибе арқылы түйсініп-білуден тұрады. Ішкі тәжірибеде адам жалқыларды бейнелеудің нәтижесінде оларды түйсініп, интуитивті нақты білім алса, сыртқы тәжірибеде трансценденталистер туралы абстракциялы немесе жалпылар туралы білім жинайды.

Олай болса, Оккамның пікірінше, философиялық ақиқат пен діни ақиқат екі құбылыс. Ғылым мен философия үшін ең маңызды нәрсе – интуиция мен білім арқылы ақиқаттығы дәлелденетін фактілер. Ал дәлелдеудің өзі қарапайымдылыққа, түсініктілікке негізделуі шарт. Ал ақыл-ой күшімен құдайды, оның бар екендігін бұлжытпай дәлелдейтін фактілер болмағандықтан, оған сену ғана керек.

Оккамның ілімі Коперниктің аспан механикасы туралы ілімінің қалыптасуына және ғылымдарда геометриялық тәсілдің үстемдік етуіне ықпал жасады.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (23/01/2023)
Просмотров: 83 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: