Пәлсапа пернелері

ФОМА АКВИНСКИЙ (ФОМА немесе ТОМАС АКВИНИ, АКВИНАТ)

(1225, Роккасекка қамалы, Аквино маңы – 7 маусым 1274, Фоссануо, Рим маңы)

Итальяндық философ әрі теолог, ортодоксальді схоластика өкілі (оны бір жүйеге келтіруші), томизмнің негізін қалаушы, монах, доминикандық орденінің мүшесі, беделді католиктік діни философ.

Ол өз еңбектерінде христиандық сенім ілімін (көбіне, Августин блаженный идеяларын) Аристотельдің философиясымен байланыстырды (оның ілімін христиандық-католиктік рухта өңдеді).

 

 

Философиялық шығармалары:

«Теологияның жиынтығы», «Философияның жиынтығы» («Пұтшылдыққа қарсы») және т.б. Сондай-ақ ол Інжілге, Аристотель шығармаларына түсіндірмелер жазды.

Ол Аристотельдің іліміне сүйене отырып, белсенді форма (реттілік принципі( мен тұрақсыз және қалыптаспаған материяның (болмыстың әлсіз түрі) арасындағы байланысты түсіндіру арқылы Иисус Христостың бойындағы құдайлық (идеялық) және адамдық (материалдық) қасиеттерін теориялық жолмен негіздеуге тырысады. Құдайдың арқасында қосылған алғашқы бастамалар – форма мен материя жеке заттар әлемін тудырады.

Адамның өзі де жан (түр қалыптастыратын принцип) мен дененің қосындысынан пайда болған. Жан «таза форма» ретінде күйреуі, жоғалуы мүмкін емес. бірақ ол жерде тіршілік пайда болғанға дейін жеке өмір сүрмеген, оны құдай жаратқан.

Рух пен материяның табиғаты туралы пікірталас жалқылар мен жалпылардың (универсалилер) табиғаты жөніндегі тартысқа айналды. Фома Аквинский Аристотельдің жалпы ұғымдар жалқылардың түр қалыптастыратын принципі ретінде жеке өмір сүреді деген іліміне сүйене оытырп, универсарилер ақыл-ойдың жемісі болғанымен, санадан тыс, құдайдың ойында орын алғандықтан, өз алдына жеке-дара тіршілік етеді де келіп, Ибн Сина сияқты универсалилердің үш түрлі өмір сүретіндігін көрсетеді. Олар: біріншіден, зат пайда болғанға дейін – Құдайдың ойында. Екіншіден, заттардың өзінде – олардың мәні ретінде және үшіншіден, заттардан кейін адамдардың ақыл-ойында – сол заттардың ұғымы, абстракциялық ойдың нәтижесі ретінде.

Заттардың мәні олардың түпнегізі – Құдайдың бойындағы жалпы идеялар болғандықтан, адамдардың мақсаты – соларды діни сенім арқылы білуге ұмтылу. Ал философия болса, ол да діни догмалардың дұрыстығын, ақиқаттығын өзіне тиесілі бар беделімен дәлелдеуі керек. 

 

Философиялық көзқарастары:

Аквинскийдің пікірінше, дін – Құдайдың табиғатын түсіндіретін ідім, сондықтан шіркеу оны уағыздаушы ретінде азаматтық қоғамнан жоғары тұрады. Демек, өкімет билігі құдайдан. Жердегі тіршілік о дүниедегі болашақ рухани өмірге дайындық болғандықтан, патшалық билік рухани (діни) билікке бағынуы керек. Рухани билікті жүргізетін: Аспанда – Христос, Жерде – Рим папасы. Аквинскийдің ілімі ХІХ ғасырдың аяғында кездегі философияда өзіндік орны бар неотомизмнің теориялық және идеологиялық арқауы болып отыр.

 

Философиялық афоризмдері:

Өзіндік мәнділікке ие адами парасатты жан-тәнмен бірге өлмейді.

* * *

Себеп: тіршіліктегінің бәрінің себебі бар, демек, себептің себепшісі – Құдай.

* * *

Бәрі материя мен формадан (идеядан) тұрады.

* * *

Таным процесіне сенім мен парасат бірдей қатысады.

* * *

Философия тек ақылмен танылатынды ғана түсіндіре алады.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (03/01/2023)
Просмотров: 85 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: