АВРЕЛИЙ АВГУСТИН (КИЕЛІ АВГУСТИН немесе ӘУЛИЕ АВГУСТИН) (13 қараша 354 ж. Тагаст, Нумидия – 28 тамыз 430 ж. Гиппон, Карфагеннен қашық емес) Гиппон қаласының епископы (Солтүстік Африка, Рим империясы(, патристика кезеңінің философы, христиандық құдай сөзінің білгірі және саясаткер, Шіркеу Әкейлерінің бірегейі, августинизмнің негізін қалаушы, бір сөзбен айтқанда, оны ғылымда «Батыстың ұстазы» деп атайды.
Философиялық шығармалары: Оның белгілі теологиялық-философиялық еңбектері – «Тәубеге келу», «Құдайқаласы жөнінде», «Тәртіп туралы», «Академиктерге қарсы», «Әдемілік пен тиімділік туралы» деп аталады. Августиннің көтерген басты мәселесі христиан дінінің артықшылығын дәлелдеу арқылы шіркеудің жанды билеуге құқытығы және «ол – аспан мен жер арасын байланыстырушы» деген сияқты идеяларды дәлелдеу үшін, манихеялық, скептицизмдік және неоплатонизм қағидаларын басшылыққа алды. Оны осы ілімдердің кейбір элементтерін сақтай отырып, христиан дінінің жаңа бағытын қалыптастырғаны үшін, кейін августинизм деп аталып кеткен ағымның негізін қалаушы деп мойындалады.
Философиялық көзқарастары: Августиннің ілімі бойынша, адам дүниеге келмей тұрып, т.б. оның іс-әрекеттері, қылықтары құдайдың ерік-жігерімен белгіленіп қойылған. Ол белгілі игілікке (адам оған ылайықты болмаса да) немесе азаптарға (жазықсыз болса да) бағытталған болуы мүмкін. Құдай әлемді жаратқанда, барлық заттардың түрлерінің бастамасын енгізіп, әрі қарай өздері дамитындай мүмкіндік береді. Адамзат тарихы да осы заңдылықтарға бағынады. Тарихтың дамуы негізінде адам санасының өзіне сенімділігі (бұл сенімнің негізі құдай) мен құдайға деген сүйіспеншіліктің танымдық күші жатыр. Осы түсінікті басшылыққа ала отырып, Августин адамзат тарихы бір-біріне қарсы екі патшалықтың күресінің нәтижесі деп тұжырымдайды. Олар: құдайға қарсы, күнделікті өмірдің қызығын күнттейтіндер мен құдайдың патшалығы арасындағы күрес. Августин құдай патшалығы дегенде, жердегі оның өкілі Рим шіркеуін айтады. Шіркеу құдай патшалығы атынан сөйлейтін болғандықтан, оған жердегі пенделердің де бағынулары керек. Августинизм теологиялық-философиялық бағыт ретінде Батыс Еуропа елдерінде ХІІ ғасырға дейін үстемдік етті, кейін христиандық аристотелизмнің негізін қалаушы Ұлы Альберт пен Фома Аквинскийдің ілімдерімен ығыстырылды.
Философиялық афоризмдері: Еркіндік еркін болғанымен мейірбан бола бермейді. * * * Түсіну үшін сенуім керек. * * * Құдайды ақылмен танып, оның жіберген аянын оқып, соған сүйену керек. * * * Барлық нәрсені біліп, бірақ Сені білмеген адам бақытсыз; ештеңені білмесе де, бірақ Сені білген адам бақытты. * * * Адам еркін болуы мүмкін, бірақ оның барлық іс-қимылы Құдайдың бұйрығымен болады. * * * Ең жоғары марапат – адам бақыты, ол дегеніміз өзін тану, ғалымдық, ақиқатты ұғыну. * * * Өлімнен кейінгі үлкен сый – Құдай берген о дүниелік өмір. * * * Жер бетіндегі патшалық – мемлекеттік ұжымдарда, билікте, армияда, бюрократияда, заңдарда, императорда шоғырланған. * * * Қоғам өмірі, тарих барысы – екі қарама-қарсы – Жер бетіндегі патшалық пен Құдай патшалықтарымен күресі. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 85 | |
Всего комментариев: 0 | |