Пәлсапа пернелері

ТИТ ЛУКРЕЦИЙ КАР

(шамамен б.д.д. 99 – б.д. 55 ж.ж.)

Римдік ақын әрі философ. Көрнекті атомистік материализмнің өкілі, Эпикур ілімін жалғастырушы.

 

Философиялық шығармалары:

«Заттардың табиғаты туралы» және т.б.

 

Философиялық көзқарастары:

Лукреций Эпикур сияқты атомдардың қозғалысы барысында ауытқуы материалдық денелерді қалыптастырады, ал олардың пайда болуы және өзгеріп, дамуы қатал себептілік заңына бағынады дейді. Бұл заңдылық адам тағдырына бейтараптықпен қарап, олардың қайғы-қасіреттерін көбейтеді. Осыған қарамастан, адамдар тағдырға мойынұсынбаулары, керісінше, қолдарынан келгенінше тағдырдың тәлкегінен тәуелсіз болуға ұмтылулары керек. Лукреций әлемдегі заттардың бәрі себептілік заңына бағынады десе, оларда себептілік заңынан басқа жасырын күштің бар екенін мойындайды. Бірақ ол Құдайға байланысты емес, себебі Құдай жердегі өмірге араласпайды. Жалпы, Эпикур мен Лукреций Кардың табиғат құбылыстарын табиғи себептермен байланыстырып, адамдарды табиғаттың дүлей күштерінен қорықпауға, тіршілікте құмарыңнан шығып, қуанышты өмір сүруге шақырған ілімдері философия тарихында ерекше орын алды.

 

Лукреций Кар екі нәрсені баса айтады:

Адам жанының мәңгі өмір сүрмейтіндігі;

Құдайлардың адам өміріне араласа алмайтындығы. Ол адам жаны да атомдардан тұрады деп түсіндірді.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (12/12/2022)
Просмотров: 87 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: