МАРК АВРЕЛИЙ АНТОНИН (26 сәуір 121 ж., Рим – 17 наурыз 180 ж., Виндобона) Әйгілі римдік философ-стоик, Эпиктеттің ізбасары, Антониндер әулетінен шыққан 161-180 ж.ж. Рим императоры.
Философиялық шығармасы: «Өзіме арналған» деп аталады. Негізгі иедялары – Құдайға шын жүректен сыйластықпен қарау; Әлемнің бастамасы – Құдай деп тану; Құдайды барлық дүниені біріктіруші және барлығын жасаушы белсенді материалды-рухани күш деп ұғыну; Қоғами өмір болсын, мемлекет істері, әрбір жеке адам өмірі, оның бақыты, жетістігін Құдайдың құдіретінен көру; Жан мен парасатты бөліп қарастыру; Сырттан келген әсерлерге қарсылық көрсетпеу, тағдырға бойұсыну, көну; Адам өмірінің шектілігі, жалғандығы туралы ойлау, өмірді бағалау, оны мүмкіндігінше жақсы көру; Қоршаған дүние құбылыстарына пессимистік көзқараспен қарау.
Философиялық афоризмдері: Өзіңді-өзің қлопаштап әуре болмағайсың, қарапайым болсаң кем болмайсың. * * * Жақсы адамды жанарынан танимын. * * * Түзелгіш емес, түзу болғанға не жетсін. * * * Ашушаң емес, мінезі жайлы және мейірбан адам ер келеді. * * * Жақсылық үшін жан алғаннан сақтасын. * * * Ағынан жарылған адалдық қанжардан да қауіпті. * * * Әр қадамын әрі-бері салмақтап, есепшотқа қағумен күні өткен кісіден асқан мүсәпір жоқ. * * * Өкініш те, ашу да – әлсіздіктің белгісі. * * * Адалдық пен әлсіздікті сақтап өмір сүруден асқан құндылық жоқ. * * * Шалағай көзқарасты қанағат тұтпа. * * * Әр адамның бағасы оның ой-ниетінің құндылығымен анықталады. Бойыңа қарапайымдылықты, парасаттылықты, ар тазалығын, байсалдылықты, кішіпейілділікті, әділдікті, тақуалықты, мейірбандықты, сүйіспеншілікті, тиісті істі орындаудағы табандылықты жинауға тырыс. * * * Кез келген надандықтың ортақ кемшілігі – өзің білмейтіннің бәрін жоққа шығару. * * * Алдым деп аспа, айырылдым деп саспа. * * * Өзін сабырға жеңдірген адам ашуға бой алдырған адамнан күштірек. * * * Қолдан келмейтінге ұмтылу – көзсіздік. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 96 | |
Всего комментариев: 0 | |