ЛУЦИЙ АННЕЙ СЕНЕКА (б.д.д. 5 ж., Кордуба – б.д. 65 ж., Рим) Атақты римдік стоик-философ, император Неронды тәрбиелеген, сол заманда мемлекет тіршілігіне ықпалы өте күшті болған ақын әрі қоғам қайраткері. Нерон жағымсыз саясат жүргізе берген соң, Сенека саясаттан бас тартып өз-өзіне қол жұмсаған.
Философиялық шығармалары: «Жанның тыныштығы туралы» немесе «Жанның жайлылығы уралы», «Бақытты өмір жайлы» және т.б.
Философиялық, саяси-әлеуметтік көзқарастары: Өз шығармаларында Сенека: - қайырымдылық идеяларын дәріптеді; - қоғамдық өмірге араласпауға, өзіңмен өзің болуға, өзіңнің рухани дүниеңмен шектелуге шақырды, - тыныштық пен бейғамдықты қалады, - адам мен адамзаттың қабілеттігіне, мүмкіндігіне шәк келтірмеді, мәдени және өркениеттік прогрестің болашағын болжады, - мемлекетті басқару жүйесінде, қоғамдық өмірде философтар мен даналардың рөлін көрсетіп, қарабайыр, сауатсыз жұртты, «тобырды» менсінбеді; - ең жоғары игілік пен әдептілік мұрат пен адам бақытын санады; - философияны теориялық, абстракциялық жүйе жағынан емес, практикалық, мемлекетті басқару, қоғами үрдістерді реттеу, адамдардың бақытқа жету жолдарын зерттеу жағынан бағалады.
Философиялық афоризмдері: Уақыттан адамның бәрі бөтендігі, біздікі емес. * * * Рухы әлсіз адамның қолынан бай болу келмейді. * * * Зор дүние – зор құлдық. * * * Кедей деген дүние-мүлкі аз адам емес, соны қалай көбейтсем екен деп жанталасып жүргендер. * * * Байға қарағанда кедей көбірек күледі және атақсыздау келеді. * * * Маған белгілі мағынада құл емес адамды көрсетші. * * * Кеме қай портқа баратынын білмесе, желі оңынан тумайды. * * * Нашар өнім алғаннан кейін де себу керек. * * * Жек көрушіліктен қатты қорқатын адам басқара да алмайды. * * * Егер әрі қарай өсу болмаса, батар күн де алыс емес. * * * Ұлы істерге талаптанып, жолы болмағандардың өзін құрметтей біл. * * * Екі жүздіге көрсетілген сенім оған опасыздық етуге мүмкіндік береді. * * * Ұсақ қателіктерден ірі кемшіліктерге өту қиын емес. * * * Есте ізгі істере қарағанда, реніш ұзақ сақталады. Ізгілік тез ұмытылады, ал реніш, өкпе есте тайға таңба басқандай тұрып алады. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 99 | |
Всего комментариев: 0 | |