Пәлсапа пернелері

ДЕМОКРИТ АБДЕРСКИЙ

(б.д.д. 460 ж. – 370 ж.)

Көнегрек философы, Левкипптің шәкірті, атомистиканың негізін қалаушылардың бірі әрі диалектикалық-материалистік философияда материализмнің негізін қалаушы болып саналады.

 

Философиялық шығармалары:

«Пифагор», «Планеталар туралы», «Табиғат туралы», «Ақыл-ой туралы», «Үлкен әлем құрылысы», «Кіші әлем құрылысы» (70-тен астам шығармалар жазған) және т.б.

 

Философиялық көзқарастары:

Демокриттің ілімі бойынша, дүниенің бастамасы – атомдар (шын болмыс) және бос кеңістік (бейболмыс). Болмыс пен бейболмыс бір-біріне қарама-қарсы құбылыстар. Егер болмыс өзіндік пішіні бар және ол өте тығыз болғандықтан, бөлшектенбейтін атомдардан тұратын болса, бейболмыс – өзіндік пішіні, түрі жоқ, шексіз бос кеңістіктерден тұрады. Болмыс – сансыз көп ұсақ бөлшектердің жиынтығы. Ұсақ бөлшектер – атомдардың негізгі қасиеттері: мәңгі бөлінбейді, өзгермейді, өзіне-өзі тең (ұсақ), қозғалмайды. Бұл қасиеттер – атмодардың ішкі мәні. Ал олардың сыртқы қасиеттеріне өзіндік пішін, түрлерінің және көлемінің болуы жатады. Атомдар шар, бұрыш, қармақ, ойма, т.б. тәріздес болады. Атомдарды бос кеңістік бөліп тұрады.

Атомдар бос кеңістікте өз табиғатына тән үздіксіз қозғалыста болады, бір-бірімен соқтығысқанда, өздерінің қозғалыс бағыттарын өзгертеді.

Атомдарда бояу түрлері, иіс, дыбыс, т.б. сияқты сезімдік қасиеттер жоқ. Бұл қасиеттер атомдар адам түйсіктерімен кездескенде ғана пайда болады. Демокрит – алғашқылардың бірі болып сезімдік қасиеттердің субъективті түрде болатындығын айтқан ойшыл.

Атомдар бос кеңістікте соқтығысып, бір-бірімен соқтығысып, бір-бірімен бірігіп және байланысып, заттар әлемін құрайды. Атомдар өзгермейтін мәңгі болса, олардан құралған заттар уақытша, өтпелі және өзгерісте болады. Денелердің пайда болуын Демокрит былай түсіндіреді. Бос кеңістіктегі атомдардың тығыздығы әртүрлі болғандықтан, оның бір бөлігінде тығыз орналасқан атомдар құйындатып қозғалысқа түседі де, ортасында ауыр салмақты атомдар топтасып, әртүрлі денелер пайда болады. Мысалы, Жер мен Аспан ауыр салмақты атомдардан жаратылған. Ал Аспаннан – от, ауа және ау құйындап қуып жүрген жұлдыздар пайда болады.

Тіршіліктің шығуын Демокрит табиғи заңдылықтардың салдары деп түсіндіреді. Бұл жерде жоғары күштердің де жандары бар. Жандар шыққан қайнар көзі бар тіршілікті тудырған – жылулық. Жандар әртүрлі болады. Ғарыштың жаны жоғары деңгейде емес, одан гөрі жануарлардың жаны жылылықты көбірек қабылдағандықтан, әлдеқайда жоғарырақ. Ал адамның жаны болса, ол ең жоғары сатыда тұр, себебі онда жылумен қоса от та бар. Басқаша айтқанда, адам мен жануарлар жандарының айырмашылығы – біріне ақыл тән болса, екіншісінде ол жоқ. Ал жанның ақылдылығы мен ақылының жоқтығы оның өз бойына қабылдаған жылуының мөлшеріне байланысты. Олай болса, жан – атомдардың жиынтығы. Демокриттің ілімінде ақылды жан – «сана» ұғымымен синонимдес ұғым.

Өмір сүрудің қажеті жағдайы – дем алу. Жан атомдары дем алу арқылы қоршаған ортадан өздеріне керекті от атомдарын қабылдаса, дем шығарғанда, жанның кейбір атомдарды денеден шығады, оның толық шығып кетпеуіне қайтадан алған дем кедергі болады. Дем алмай, тек дем шығарылса, онда дене өледі, себебі жан атомдары деммен бірге денеден толығымен шығып кетеді. Денеден шыққан жан атомдары ауада шашырап кетеді. Сөйтіп, денемен бірге жан да өледі. (жалғасы бар)

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының Абай атындағы №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (26/10/2022)
Просмотров: 94 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: