Пәлсапа пернелері

ДИОГЕН СИНОПСКИЙ

(шамамен б.д.д. 412 ж. Синоп – 10 маусым, б.д.д. 323 ж., Коринф)

Антисфеннің шәкірті, Киниктер мектебінің негізін қалаушы, Александр Македонскийдің замандасы, Киниктік философиясының теоретигі мен прктигі, әйгілі философ.

Оны замандастары әзілдеп «кинос» (ит) деп атаған. Бұл атау афинадағы «Киносарг» - қырат немесе гимназияны білдіреді, мұнда Антисфен өзінің шәкірттеріне дәріс оқыған.

Өмірде материалдық тұрмыс қасиеттерін елемей, қоғамда қалыптасқан әдет-дәстүрлерді мысқылдай отырып, нағыз данышпандық, рақымшылдық, бақытты іздеген. Диоген киниктердің ілімін өзінің негізгі қағидасы ретінде қабылдаған, осыған байланысты өзінің артынан көптеген анекдотқа ұқсас әңгімелер қалдырған ойшыл. Мысалы, ол туралы замандастары былай дейді: Бірде базар алдында, бөшкеде отырған Диогеннен Ұлы александр: «Сіздің қандай өтінішіңіз болса да орындауға әзірмін» деп сұрағанда, ол: «Күнді қалқаламаңыз» деп жауап беріпті. Ол өте кедей тұрғанына қарамастан, киниктердің түсінігінше, рақымшылыққа, бақытқа, шынайы бостандыққа жеткізбейтін адамдардың кемшіліктерін сынап, ләззатқа деген құмарлықты жек көрудің өзі ләззат екенін уағыздаған. Тапа-тал түсте қолына фонарь ұстап базар алаңында: «Халық – көп, адам аз екен» деген сөзі осы пікірді нақтылайтын сияқты.

Киниктер – «Киносарг» деп аталған гимназияның атымен аталып кеткен (аудармасы – «көгерген ит») сократтық кезеңдегі Ежелгі Грекия философиялық мектептерінің бірі. Бұл мектептің әйгілі өкілдері: Антисфен, Диоген Синопский, Кратет. Ілімнің басты мақсаты: терең философиялық теория ізденісі емес, керісінше, ерекше өмір сүруді, яғни қоғамнан тыс (жалғыздық, қаңғыбастық, кемтарлық) өмірді қалап, сол мұқтаждықтарды өз басынан өткізу, өзінде сынау. Қазіргі заманда киниктік өмір сүру салты, философиясына йога, дервиштер, хиппилер және т.б. өте жақын, ұқсас келеді.

 

 

Философиялық көзқарастары:

Киниктер философиясының негізін қалаушы – Антисфеннің пікірінше, нақты өмір сүретін тек жеке заттар ғана, ал жалпы ұғымдар заттардың қандай зат екенін анықтайтын сөз ғана. Ал білім дегеніміз – ұғымдардың мазмұнын құрайтын пайымдаулар. Бірақ олардың мазмұнында заттардың мәнін көрсететін қасиеттер мен әртүрлі белгілерді теріп көрсетуге болмайды, себебі олар туралы дұрыс пайымдау субъекті мен предикат тепе-тең (товталогия( болған жағдайда ғана (математик дегеніміз математикадан сабақ беретін адам) қалыптасады. Киниктердің жеке заттар мен жалпы ұғымдар туралы пікірлері ортағасырдағы номиналистердің жалпы ұғымдар мен жеке заттар туралы идеяларымен ұштасып жатқанын байқаймыз.

 

Философиялық афоризмі:

Сараң ақшаны сөгуге құмар, бірақ шексіз жақсы көреді.

* * *

Ақшасы көп болу мен бай болу – екі түрлі нәрсе.

* * *

Арыстан асыраған адамға құл юолмайды, асыраған адам арыстанға құл болады, өйткені тағы жыртқыш адамға қорқыныш ұялатады, ал қорқыныш – құлға тән қасиет»

* * *

Бала өмірдің қарапайым мысалымен менен озды.

* * *

Жақсы өмір сүруге талпынбасаң, несіне тірі жүрсің!

* * *

Бай болсаң – көңіл соққанда, кедей болсаң – пұл тапқанда.

* * *

Егер сен басқаларға садақа берген болсаң, маған да бер, ал бермеген болсаң – менен баста!

* * *

Мегерліктің баласы болғаныңнан қойы болғаның артық.

* * *

Дүниедегінің барлығы құдайдың билігінде.

* * *

Данышпандар – құдайдың досы, ал достар үшін бар нәрсе ортақ; демек, данышпандар – әлемнің қожасы!

* * *

Ақылды мен ақымақтың арасы бір-ақ елі.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының Абай атындағы №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (10/10/2022)
Просмотров: 105 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: