Пәлсапа пернелері

ПЛАТОН (АРИСТОКЛ)

(б.д.д. 428 немесе 427 ж.ж. Афина (немесе Эгинде) – б.д.д. 348 немесе б.д.д. 347

Көнегрек философы, Сократтың шәкірті, Аристотельдің ұстазы.

Афина мен Спарта арасындағы Пелопенес соғысы жүріп жатқан тұста өмір сүрген. Шын аты – Аристокл (денесі ірі болғандықтан «плато», яғни – дәу деп аталып кеткен). Адамзаттың ұлы ойшылы, диалектика, таным теориясы, педагогика, эстетика, өнер, мемлекет теориясы, объективтік идеализм философиясының негізін салды.

 

Философиялық шығармалары.

«Сократ апологиясы», «Софист», «Лахес», «Кратил», «Той», «Федон», «Горгий», «Мемлекет», «Парменид», «Тимей», «Теэтет», «Заңдар» және т.б.

Сезімнен тұратын шындықты платон нақты шындық емес, ол тек шындықтың көлеңкесі, шын өмір идеяда деп түсіндіреді. Таным дүниені білу емес, еске түсіру деп уағыздады.

 

Философиялық көзқарастары:

Платонның пікірінше, шын болмыс ақылмен ғана білуге болатын денесіз иедялар әлемі. Платонның болмысы Парменидтікіндей біртұтас болмыс емес, керісінше, өздеріне тән идеялары бар рухани көпшілік. Әр идея өз алдына мәңгі және өзгермейді, ол өзіне-өзі тән. Идеялардың саны көп, бірақ шексіз емес. әлемде қаншама бір тектес, бір-біріне ұқсас заттар, құбылыстар, процестер, қатынастар, т.б. көп болса, соншама идеялар бар. Идеялар бір-бірімен тек қарым-қатынасты емес, сонымен бірге бір-біріне бағынышты немесе бірнеше түрлі идеялар бір ортақ идеяға бағынышты қатынастарда болады. Платон рухани әлемнің жеке-жеке идеялары туралы айтқанда, көбінесе «эйдос» деген ұғымды қолданады. Ежелгі грек тілінде идея да, эйдос да бір-біріне ұқсас мағына береді: түр, пішін, кейіп, тәсіл, т.б. Эйдостар сезімдік заттар үшін бір мезгілде әртүрлі міндет атқарады: 1 себептілік, 2-заттардың жаратылу кескіні үшін үлгі, 3-заттардың түпнегіз бейнелейтін ұғымы.

Материалдық денелер өзгермелі, құбылмалы, ал эйдостар (идеялар) мәңгі, өзгермейді, сондықтан Платон оларға қосымша тағы бір ұғым-«хораны» (материя) кіргізді. Хора-материя көрінбейтін, түрсіз, еленбейтін, өзіне-өзі тең құбылыс. Бірақ ол кез-келген түрді қабылдап, пішінделген (түрленген) материя болуға қабілетті. Оны денелі немесе денесіз деп айтуға болмайды. Платонның материясын танып-білуге болмайды, ол – бейболмыстың бір түрі. Осыған қарамастан, материя – көп түрліліктің, жалқылықтың, заттанудың, өзгерістердің, туу мен өлімнің, табиғи қажеттіліктің, жамандықтың және еріксіздіктің қайнар көзі. Материя мәңгі, ол өмірге идея (эйдостар( арқылы келмейді.

Платон материяның бұл түрінен физикалық материя түрін ажыратып қарастырады. Физикалық материя антикалық көзқарастарда қалыптасқан төрт түпнегіз: от, жер, су, ауа түрінде өмір сүреді. Сезімдік заттар – заттандырылған идеялар мен материяның туындылары.

Материалдық денелер өзгермелі: уақытша дүниеге келіп, мәңгі жоғалып жатады. Заттар иедялармен үш түрлі байланыста болады. Біріншіден, заттар өзінің иедяларына ұмтылады, сол идеяларға ұқсауға тырысады. Екіншіден, әрбір затта идеяның бөлшектері бар, сондықтан заттар өз идеялары сияқты болады. Бұл пікірді былай деп түсіндіруге болатын сияқты: егер заттар өз идеяларынан басқа болса, онда олардан бөлек және жоғары сатыда тұрған, затар мен идеяларды біріктіретін тағы бір идея болуы керек. Мысалы, адам идеясы мен адамнан басқа, осы екеуін біріктіріп қамтитын үшінші адам идеясы боуы керек. Үшіншіден, сезімдік әлемдегі затар ой идеяларымен бірігіп кетеді. Себебі затар-идеялардың көлеңкесі, олардың бейнеленуі, ал идеялар – заттардың алғашқы түрлері, пішіндері. Өзінің осы ілімін түсіндіру үшін, Платон «үңгір» туралы аллегориясын келтіреді: адамның өмірі үңгірде өмір сүретін адамдардың қоршаған ортаны танып-білуімен өте ұқсас. Үңгірдегі адам заттардың өзін емес, тек олардың көлеңкесін ғана көріп, таниды және оларды табиғаттың шын құбылысы екен деп есептеп, үңгірден сыртқа шыққанда шынайы құбылыстарды көріп, оларды шын мәніндегі заттар ретінде мойындамайды, осы пікірдің қате екендігін түсіндіріп айтқан адамды жынды санап, өлтіруге дейін барады. (жалғасы бар)

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (05/09/2022)
Просмотров: 111 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: