ЭМПЕДОКЛ АКРАГАНТСКИЙ (шамамен б.д.д. 490 – 430 ж.ж.) Философиялық афоризмдері Сезіміңе сенім артсаң – адастың. Оймен барла – асулардан әрі астың. * * * О, адамзат, азап сені қажытты-ау. Қанды тырнақ қырқысқанды пешенеңе жазыпты-ау! * * * Ғылым ақыл-ойды кемелдендіреді. * * * Ой дегеніміз – сезімнің өзі немесе соған ұқсас нәрсе. * * * Біздің дене мүшелерімізге танымның мардымсыз мүмкіндігі ғана берілген. * * * Ақымақтар! Егер әу баста жоқ нәрсе енді болады, яғни әлдене жоғалады немесе мүлдем құрып кетеді деп ойласаңдар, ақылдарың шолақ болғаны. * * * Біртұтас болмыс сапалық жағынан қарама-қарса сипатта болуға тиіс. * * * Махаббат пен өшпенділік! Екеуі де мәңгілік, жаратылған күннен бері бір-бірімен бітіспес жау. Олар бізге дейін де болған, бізден кейін де бола береді һәм олардың бірі күндердің күнінде жоғалады деп еш ойламаймын. * * * Егер Махаббат пен Өшпенділік мүлдем құрып жоғалып кетсе, әлем қалай жаратылар еді. * * * Махаббат бәрін қосады. Өшпенділік – талқандап, шашады. * * * Құдай – алтау: төртеуінің ғұмыры шектеулі (от, су, ауа және топырақ), ал екеуі мәңгілік және олар бір-бірімен өмірбақи қырқысып өтеді (Өшпенділік һәм Махаббат). * * * Барлық жерде ой-сана мен қажеттіліктің бір бөлшегі бар. * * * Табиғат барлық нәрсеге ақыл берген: хайуанаттарда ғана емес, өсімдікте де ақыл бар. * * * Қажетіне қарай дүниедегі барлық затқа Махаббат пен Өшпенділік кезек билік етіп, оларды қозғап отырады, аралық уақытта тыныштық орнайды. * * * Әрбір зат өз бөлшектерінің белгілі бір арақатынасына қарай өмір сүреді. * * * Мен блзбала да, толықсыған бойжеткен де, құс, балық, тіпті өсімдік те болдым. * * * Жо-жоқ, біз ештеңе де сезбейміз, ештеңе де көрмейміз: барлық зат біз үшін жұмбақ, өйткені біз анықтап біле алатындай дүниеде бірде-бір зат жоқ. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 115 | |
Всего комментариев: 0 | |