КСЕНОФАН (шамамен б.д.д. 576 – 487 ж.ж.) Грек арасынан шыққан атақты философ, Элеат мектебінің негізін қалаушы және оның көрнекті өкілі. Оның пікірінше, барлық заттардың негізі – Жер. Жер өзінің тамырларымен шексіздікке кетеді. Тіршіліктің шығуына Жермен қоса Судың да маңызы зор. Жанның өзі де Жер мен Судан жаралған. Ал Судан бұлттар пайда болады да, бұлттардан аспан денелері жаралады. Егер Милет мектебінің өкілдері космостың генетикалық бастамасын әрі түпнегізін физикалық қасиеттері бар Ауа, Су, От апейрон десе, Ксенофан олардан әрірек кетіп, Жер Космостың түпнегізі ретінде біртұтастық шекті не шексіз екендігін, материалды немесе идеалды екендігін айқындамайды. Біртұтастық ретінде ол Құдаймен пара-пар. Құдай – барлық нәрселер, бірақ бұл барлық нәрселер көптүрлілікті көрсетпейді, ең жоғары біртұтастықты көрсетеді. Оның түпнегізі – ақыл-ой. Құдай адамдарды жаратпайды, керісінше, адамдар өз бейнесіне қарап, Құдайды жаратады. Егер жылқылар адамдар сияқты сурет сала білсе және өнердің түрлерін тудыра алатын болса, онда олар құдайларды өздері сияқты жылқы ретінде суреттер еді. Ксенофанның құдайы – таза ақыл-ой, ол материалды емес. оның барлық күші – данышпандылығында. Ол гректердің бұрынғы құдайларындай бір орыннан екінші орынға қозғалып, дүниені кезіп жүрмейді, керісінше, ылғи да тыныштықта болады, қозғалмайды. Ол әлемді тек ақыл-оймен ғана басқарады, ешқандай да дене күшін жұмсамайды.
Философиялық көзқарастары: «Бірақ, - дейді Ксенофан, - Құдайдың, жалпыға ортақ табиғаттың нақты шындық екенін еш уақытта ешкім көрген де емес, білген де емес. ал егер осы ақиқатты танып-білу жолында кімде-кім дұрыс бағыт алған болса, ол бәрібір ондай ақиқатты білмес еді. Себебі Құдайдың – жалпыға ортақ табиғаттың өмір сүруі дегеніміз – олардың бар сияқты болып көрінуі ғана». Түйсіктер берген ақпараттар шындыққа жатпайды. Ақыл-ойдың өзі де кейде бізді алдайды. Ал ақиқат ақыл-ойдың қорытындысы емес, кездейсоқтықтың жемісі. Осыдан келіп, Ксенофан дүниені танып-білу мүмкіндігін емес, танып-білу мүмкіндігі туралы білімнің болуын жоққа шығарды. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 124 | |
Всего комментариев: 0 | |