Пәлсапа пернелері

ПИФАГОР САМОССКИЙ

(б.д.д. 570 – 490 ж.ж.)

Философиялық көзқарастары:

Пифагрошылар Гераклит сияқты Ғарыш қарама-қайшылыққа толы дей отырып, олардың он жұбын атап көрсетті. Олар: шектілік және шексіздік, тақ пен жұп, жалқы мен жалпы, оң мен теріс, еркек пен әйел, тыныштық пен қозғалыс, түзу мен қисық, жарық пен түнек, жақсы мен жаман, квадрат пен көпқырлылық. Осылардың ішіндегі ең маңыздысы – шектілік пен шексіздік. Шекті нәрселерді танып-білуге болса, шексіздіктітанып-білу мүмкін емес. Шекті денелер геометрия арқылы бізге мәлім болса, шексіздік – танымның мүмкіндік шеңберінен тыс, сондықтан оны тек ойша шамалауға болады.

Қорыта айтқанда, Пифагор – философтардың ішінде бірінші болып өз ілімінде сан категориясын жан-жақты қарастырған және өз ілімін халық арасында үгіттеп таратқан (пифагоршылар одағы) ғұлама. Оның ілімдері кейінірек Платон философиясының қалыптасуына үлкен әсер етті.

 

Философиялық афоризмдері:

Ұйықтар алдында өткен күнде өзіңнің не істеп, не тындырғаныңды ой елегінен бір өткізбей тұрып, көзіңді жұмушы болма.

* * *

Алтын жалатқан қару сияқты, мақтаншақтардың да іші тысына сәйкес келмейді.

* * *

Даналық бастауы: ойлануға үйрену, мылжыңдаудан жирену.

* * *

Ең ақиқат не? – Адамдардың ақымақ екендігі.

* * *

Ең әуелі әр нәрсені өз атымен атап үйрен: бұл ғылым атаулының әліппесі һәм ең негізгісі.

* * *

Пенде! Өзге хайуанның өзіңе нендей нәрсені істемеуін қаласаң, сен де оған сондай нәрсені істеме.

* * *

Ақылға бағынбаған, құдайға табынбайды.

* * *

Білімді даналыққа санама.

* * *

Сенімді дос тапсаң, өзіңе-өзің серік бол.

* * *

Аз сөйле, жазуың одан да аз болсын.

* * *

Тыныш өлгің келсе, бір қалыпты өмір сүр.

* * *

Шығармаларында ғана дана боп көрінетіндердің бірі болудан Құдай сақтан.

* * *

Ештеңеге таңырқама, таңырқаудан құдайлар жаратылған.

* * *

Атың өшпей ел аузында жүрсін десең, артыңа өнегелі ұрпақ, жақсы кітап қалдыр.

* * *

Данышпан! Қарапайым жұрт арасында өмір сүруге міндетті болғандықтан, араласып кетпей су бетінде қалқып жүретін май сияқты бол.

* * *

Тәніңді жаныңның табыты қылма.

* * *

Өз үйіңде әке бола алмаған қалаға әкім бола алмайды.

* * *

Жұртты тануға үйрен: Құдайды танып-білуден гөрі, адамды танып-білу оңайырақ және мәндірек.

* * *

Өз атыңызды өз қолыңмен өңде. Құлдарыңа сеніп тапсырма. Өйткені, жер азат адамның алақанына ғана бас иеді.

* * *

Әйелімен тіл табыспағанға дос болам деп жабыспа.

* * *

Мүлік-дәулет, отауы болмағанның Отаны да болмайды.

* * *

Жан-жануарды өлтіруден қаш – олардың қанын төгу адамдарды өз тұқымдастарының қанын шімірікпей төгетін жауыздыққа әкеп соқты.

* * *

Табынар жалғыз тәңірің өзіңнің ар-ұжданың-ақ болсын.

* * *

Құдайдан да көне деп сұраса: Қорқыныш пен Үміт деп жауап бер.

* * *

Әуелі дана болуға тырыс, ал бос уақытың болғанда ғалым бола жатарсың.

* * *

Шарапқа бөртіп алып, дүниеге бала әкелетін қасиетті іске кіріспе.

* * *

Абыздардың айтуынша, құдайлар көп өтпей адамды жаратқанына өкініпті. Ал біз: адам құдайды жаратқанына өкінді деп нық сеніммен айта аламыз.

* * *

Көз жасы кейін қабіріңе төгілсін десең, тірлігіңде балаларыңды жылатпа.

* * *

Күші бірдей екі адамның ішіндегі күштірегі – әділі.

* * *

Өмір театр тақылеттес: онда ең жақсы орынды көбіне-көп ақымақтар алып алады.

* * *

Қасиетсізге құрмет қылу – ессіздіктің белгісі.

* * *

Жәндікті өлтірген балаңды қатаң жазала, әйтпесе сөйте-сөйте кісі өлтіреді.

* * *

Сөйлемес бұрын ойыңды тіліңнің астында ұстап пісіріп ал.

* * *

Жұрт не десе о десін, өзің дұрыс санаған нәрсені ғана істе.

* * *

Мақтауға тасымай, даттауға жасымай – бір қалыпты салқын қанды бол.

* * *

Үндеме, әйтпесе үндемегеннен гөрі дұрысырақ нәрсені айт.

* * *

Сенімді дос ізде өзіңе, оны тапсаң, құдайсыз-ақ күніңді көресің.

* * *

Ақиқатқа ұмтыл, сонда ғана Құдайға жақындай түсесің.

* * *

Ақиқатты боямасыз жалаңаш көрген абзал, ал өтірік әлем-жәлем қымтанып көз алдай берсін.

* * *

Бәрінен бұрын өз басыңның қадірін түсірме.

* * *

Ашу үстінде тіл мен қолыңа ерік берме.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (06/06/2022)
Просмотров: 125 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: