ПИФАГОР САМОССКИЙ (б.д.д. 570 – 490 ж.ж.) «Философия» сөін алғаш рет ғылымда қолданған Антика дәуірінің атақты философы және математигі, пифагорлік діни-философиялық мектепті құрушы. Пифагор Самос аралында туып-өскенімен, кейінірек келе, әртүрлі жағдайларға байланысты, Мысырда, Вавилонда (баыздардан дәріс алған), Үндістанда болып, ең соңында «Ұлы Элладаның» Критон қаласында өмір кешкен. Пифагордың әкесі Мнесарх зергер болған. Пифагордың анасының аты белгісіз. Көптеген жазбалар бойынша туған бала өте әдемі болған және өсе келе өзінің ерекше қабілетімен көзге түскен. Жас Пифагордың ұстаздарынан Гермодамант пен Ферекид Сироскийді атауға болады (алайда Пифагордың алғашқы ұстаздары Гермодамант пен Ферекид екені нақты емес). Жас Пифагор күні бойы Гермодаманттың жанында жүріп, Гомердің жақсы әуендерін тыңдап өскен. Гомердің әуендерін Пифагор жадында мәңгі сақтады. Пифагорды ойшыл деп мойындағаннан кейін жас талант әр күнін оқушылардың арасында гомердің әуенімен ьастаған. Ферекид Италия мектебінің негізін қалаған философ болған. Осылай, Гермодамант Пифагорды музыкаға, Ферекид ғылымға үйреткен. Ферекид Пифагорға табиғат сенің алғашқы да басты ұстазың деген. Жас Пифагорға өз қиялын іске асыру үшін Самостар болды, сондықтан ол Милетке сапар шегіп, онда басқа ғалым – Фалесті кездестірді. Фалес оған білім алу үшін Мысырға бар деп кеңес берді. пифагор оның кеңесін жөн көрді. Пифаго б.з.д. 548 жылы үй-жай және тамақ табылатын Навкратис жеріне келді. Фараонның түсіндірме хатына қарамастан білгірлер Пифагорға өз құпияларын ашуға асықпай, оған қиын сынақтар қойыд. Пифагор білімге деген құштарлығының арқасында сынақтардан оңай өтті. Ол кездегі Мысыр геометриясы жаратылыстану бағытындағы ғылым болғандықтан мысырлық білгірлер оған көп нәрсені үйрете алмады. Білгірлер берген білімді меңгерген Пифагор өз Отанына Элладаға қашып кетті. Біраз жол жүрген Пифагорды үйіне қарай бет алып бара жатқан Вавилон билеушісі Камбиз тұтқынға алады. Пифагордың Вавилондағы өмірі аса қиын болған жоқ. Вавилон математикасы Мысырдағыға қарағанда аса дамыған болатын және Пифагордың үйренетіні де көп еді. Бірақ б.з.д. 530 жылдары Кир Орта Азиядағы тайпаларға қарсы жорыққа шығады. Қаладағы бұл жағдайды пайдаланып Пифагор Отанына қашып кетеді. Бұл кезде Самос аралындағы билік Поликрат патшаның қолында еді. Әрине, пифагор жартылай құл ретінде өмір сүруді ұнатпады, сондықтан ол Самостың жанындағы үңгірге кетіп қалады. Бірнеше айдан соң пифагор Кротонға көшіп келеді. Кротонда Пифагор өздерін пифагорлықтар деп атаған адамдардан діни одақ құрады. Ол әрі діни бірлестік, саяси клуб және ғылыми одақ болған. Пифагордың кейбір әдеттері үлгі алуға лайықты. ...жиырма жыл өтті. Одақтың атағы бар әлемге тарады. Бір күні Пифагорға бай, бірақ жексұрын Килон одаққа бірігу үшін келеді. Пифагор Килонның бетін қайтарады. Килон Пифагордың үйінің өртенгенін пайдаланып, оған қарсы шығады. Өрт кезінде пифагорлықтар өз өмірлерін қиып, ұстаздарын құтқарып алады. Қатты қайғырған Пифагор өз-өзіне қол жұмсайды. Осы кезеңде оңтүстік Италия мен сицилияда «Пифагоршылар мектебі» деп аталған одақ құрылып, онда қоғамдық өмірді діни-әдептілік тұрғыдан реформалау қажеттігі туралы ілім кең өріс алды. Пифагоршылар қоғамда анархияның етек алуына қарсы болып, құдайдың айтуымен жасалған мемлекеттік заңдарды сақтау керектігін уағыздады. Пифагоршылар өздері бірауыз болмағаны, осыған орай «ата жолын» қуушылар мен мемлекеттік билікке барлық халық қатысуы керек деген ағымдардың арасында тартыстар болғаны белгілі. Пифагор және пифагоршылар туралы аристотель былай дейді: «Олар математикамен шын мәнінде шұғылданған алғашқы ойшылдар. Пифагор тек қана математикамен айналысып қоймай, оның негізгі қағидаларын – сандарды жалпы әлемдік қағидаға айналдырған және сол сандардың арақатынастарын, олардың арасындағы пропорцияны әлемдік үйлесімділіктің бейнесі деген көзқарасты өзінің философиялық ілімінің өзегі етіп қабылдаған. Оның пікірінше, сандар – барлық заттардың, Ғарыштың негізі. Пифагордың Ғарыштың бастамасы, негізі деп отырған сандары жай күнделікті өмірде қолданып жүрген сандар емес, олар – Ғарыштың реттілігін, үйлесімділігін көрсететін сандар. Бұл үйлесімділікті біз аспан денелерінің бір сазды дыбысты белгілі бір интервалда шығаруынан білеміз. Бірақ ол дыбыстар үздіксіз шығып тұрғандықтан және олар бізге тұрақты әсер еткендіктен, біз оны қабылдай алмаймыз. Әр планета Жерді айнала жүріп, өздеріне тән дыбыс шығарады. Мысалы, Айдың дыбысы биік, ал Сатурнның дыбысы өте төмен, осы екі дыбыс қосылғанда үйлесімді мелодия пайда болады. Сандар тек денелерге тән бастама емес, олар әдептілікке де, рухани құбылыстарға да, жанға да тән. Жан дегеніміз – сандардың үйлесімділігі. Жан мәңгі өмір сүреді. Ол адам өлгеннен кейін жануарларға, өсімдіктерге ауысуы мүмкін. Бұл жерде біз Пифагорға Ежелгі Үндістандағы Веда ілімінің әсерін байқаймыз. «Ежелгі Үндістандағы философиялық көзқарастардағы сияқты өмірдің негізгі мақсаты, - дейді Пифагор, - жанды тазарту. Оған құмарлықты жеңу, жастардың үлкендерді бұлжытпай тыңдауы, достық пен жолдастықты дәріптеу сияқты әдептілік қағидаларын сақтай отырып жетуге болады». баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 131 | |
Всего комментариев: 0 | |