Пәлсапа пернелері

АНАКСИМЕН

(б.д.д. 585/560 – 525/502 ж.ж.)

Көне грек философы, Милеттегі натурфилософия мектебінің өкілі, сақ-скиф арасынан шыққан, Гнур патшаның баласы, Савлия және Кадуит патшаларының ағасы болып келеді. Анахарсистің шәкірті. Анаксимандр ілімін ары қарай жалғастырушы. Алғашқы бастама – ауа деп білген.

 

Философиялық көзқарастары:

Ауа – шексіз (апейрон). Сөйтіп, оның апейроны түрнегізінен ауаның қасиетіне айналды. Ауа үнемі қозғалыста болады да, бірде қоюланып, бірде сұйылып, алуан түрлі заттар мен құбылыстарды түзеді. Ауа сұйылғанда алдымен Отқа, содан кейін эфирге айналса, қоюланғанда – желге, бұлтқа, Суға, жерге және тасқа айналады. Ауаның сұйылуы жылылыққабайланысты да, қоюлануы салқынға байланысты.

Оның ілімінше, Жер және басқа аспан денелері Ауада қалқып жүреді. Жер қозғалмайды, ал басқа денелер Ауаның әсерінен ылғи да қозғалыста болады. Күн де – жер, бірақ өзінің жылдам қозғалуының себебінен ыстық шоққа айналған.

Ауа тек қана денелердің бастамасы емес, сонымен бірге жанның да бастамасы. Ал жан болса, ол – бізді біріктіретін бастама. Анасимен құдайларды да Ауадан пайда болды деген пікір айтады. Басқаша айтқанда, құдайлар Ауаны жаратқан жоқ, керісінше, Ауа құдайларды жаратты. Олай болса, құдайлар материалдық түпнегіздің модификациясы ғана.

Қорыта айтқанда, Милет мектебінің өкілдері Фалес, Анаксимандр, Анаксимен барлық заттардың, денелердің генетикалық бастамасын, түрнегізін құдайлардың құдіретінен іздемейді, олардың өзіндік ішкі мазмұнынан іздейді. Генетикалық бастаманың, түпнегіздің табиғаты, бір жағынан, зат тәріздес болса, екінші жағынан, ақыл-ойдан да қашық емес, сондықтан ол құдайлармен пара-пар құбылыс.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (09/05/2022)
Просмотров: 138 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: