ФАЛЕС МИЛЕТСКИЙ (б.д.д. 640/624 ж.ж., Милет, Кіші Азия) Көне грек философы әрі математигі. Еуропа ғылымының тарихы бастау алатын ионистік натурфилософияның өкілі және Милет (ионистік) мектебінің негізін қалаушы. Оның есімі геометриялық теоремамен аталады.оның бізге қалдырған мұрасы: дүниенің алғашқы бастамасы – су («архэ») деп білді.
Философиялық шығармалары: «Бастама туралы», «Күн туралы», «Күн мен түннің теңесуі туралы», «Теңіз астрологиясы» деген еңбектер жазған, бірақ олар біздің заманымызға жетпеген. Аристотель өзінің «Метафизика» деген еңдегінде заттардың генетикалық бастамасын іздеген, олардың сол бастамадан қалай пайда болғанын және содан қалай қайтып келетінін, басқаша айтқанда, денелердің өзгеруіне қарамастан, жалпы табиғаттың жойылмайтындығын сәселе етіп көтергендердің ішіндегі біріншісі Фалес болды деп көрсетеді.
Философиялық көзқарастары. Фалестің ілімінше, барлық денелердің генетикалық бастамасы – су. Бұл жерде су – мұхит (нун), Абзулардың (Абсулардың) философиялық жиынтықталған ұғымы. Фалес, бір жағынан, барлық денелер суда қалқып жүреді десе, екінші жағынан, ол жай су емес, ол – «ақыл-ой», осы тұрғыдан ол Құдай тектес дейді. Ол әлемдегі барлық заттардың өмір сүруінің алғышарты-мыс. Күн және басқа әлемдік денелер судың буымен қоректенеді. Әлем құдайға толы, құдайлар әлемдегі болып жатқан құбылыстардың, іс-әрекеттің негізгі күші, сонымен қатар сол денелердің өзіндік қозғалыстарының қайнар көзі ретінде – солардың жаны. Мысалы, магниттің жаны бар, себебі ол өзіне темірді тарта алады. Фалес таным процесінде танып-білу бір бастамадан басталып, соның төңірегінде ой қозғауы керектігіне баса көңіл аударады. Фалестің философиялық көзқарасы тұрпайы, балаң болғанымен, табиғат құбылыстарын, олардың пайда болу, даму заңдылықтарын табиғи тұрғыдан танып-білуге ұмтылған алғашқы талпыныс болды. Оның ілімі өзінен кейінгі талай ғұламаларға сара жол сияқты бастама болып, философиялық ой-пікірдің одан әрі қарай дамуына үлкен үлес қосты.
Философиялық афоризмдері: Бәрінен көне – Құдай, өйткені ол ешкімнен тумаған. * * * Бәрінен сұлу – Әлем, өйткені оны Құдай жаратқан. * * * Бәрінен үлкен – Кеңістік, өйткені оған бәрі сыяды. * * * Бәрінен жүйрік – Ақыл, өйткені ол бәрінен озады. * * * Бәрінен күшті – Қажеттілік, өйткені ол бәріне билігін жүргізеді. * * * Бәрінен данышпан – Уақыт, өйткені ол бәрінің сырын ашады. * * * Бәріне ортақ – Үміт, өйткені ештеңесі жоқ адамның өзінде үміт бар. * * * Не қиын? – Өзіңді-өзің тану қиын. * * * Не оңай? – Өзгеге ақыл айту оңай. * * * Кім бақытты? – Тәні сау, жаны сезімтал болып, бойындағы барды дамыта білсе, сол бақытты. * * * Ата-анаңа не көрсетсең, балаңнан соны күт. * * * Нілдің жайылуы аңғардан қарсы соққан желдің ағысты бөгеуінен болады. * * * Дұшпаныңның күні бұдан да төмен екенін көрсең, қасіретіңді жеңуің оңай. * * * Біреуді істеді деп кінәлаған қылықтан өзің бой тартсаң, ең баянды тірлік сол. * * * Жақсылыққа үйрет, өзің де үйрен. * * * Құдайдан істеген күнәң түгілі, ойлаған ойыңды да жасыра алмайсың. * * * Үш нәрсе үшін тағдырыма ризамын: біріншіден, аң болмай адам боп туғаным үшін; екіншіден, әйел болмай еркек болғаным үшін; үшіншіден, жабайы болмай эллиндік болғаным үшін. * * * Надандықтан өткен сорақылық жоқ. * * * Ең дұрыс нәрсе не? – Табиғатпен үндестік, мөлшермен іс қылу, өйткені кейде артық рахаттың өзі де мезі қылады. * * * Ең зиянды не? – Кемістік, өйткені ол жүрген жердің бәрі бүлінеді. * * * Тәннің ләззаты – саулығында, Жанның ләззаты – білімінде. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 142 | |
Всего комментариев: 0 | |