АНТИКАЛЫҚ ГРЕК-РИМ ФИЛОСОФИЯСЫ Біздің дәуірімізге дейінгі VII-VI ғасырларда Эллада полистерінде (қала-мемлекеттерінде) қолөнер, сауда, ақшалай-заттық қатынастар жоғары қарқында дамып, осы себептердің негізінде өзіндік талап-мүдделері ерекшеленген әлеуметтік топтар пайда болды. Евпатридтердің билігінің орнына мемлекеттің тирандық, кейінірек келе құлдық демократия түрлері дүниеге келді. Азаматтардың қоғам сатысында алатын орны шығу тегіне байланысты болмай, олардың мүліктік жағдайларымен байланысты болды. Осы себептер ой еңбегі мен дене еңбегінің бөлінуіне, осы негізінде таза зиялылар қауымының пайда болуына, әртүрлі әлеуметтік топтардың талап-мүдделеріне сай саяси-әлеуметтік, философиялық көзқарастардың қоғамдық сана ретінде қалыптасуына әкеп соқтырды. Сонымен қатар антика философиясының көзқарастар және күнделікті өмір тұрғысынан тұжырымдалған данышпандық ой-пікірлер (Жеті-Данышпан кезеңі) негізінде дамыған грек мәдениетінің озық үлгілерін өз бойына сіңіру (мысалы, сол кездегі афро-азия елдерінде жақсы дамыған математика негізінде грек ғұламалары дедуктивтік тәсілді дамытты) арқасында қалыптасқан әлемнің субстанционалдық негізін іздеген, рационалданған көзқарастар зор әсер етті. Демек, антикалық дүниетанымдық көзқарас өз кезеңіндегі ғылыми жетістіктерге сүйене, өзінің логикалық, категориялық аппараттарын жетілдіре отырып, философияның көзқарастық және рационалдық жүйелік жақтарын тығыз байланыстары қарастырып, кейінірек келе оның классикалық деңгейге дейін көтерілуіне мүмкіндік туғызды. Б.д.д. VII-VI ғ.ғ. антикалық рухани даму мифологиялық, діни көзқарастан ғылыми, философиялық көзқарасқа қарай бағытталды. Бұл кезеңді антикалық философия тарихында Сократқа дейінгі, ал б.д.д V-III ғ.ғ. ойшылдарының мәнділіктің генетикалық бастамасын, түпнегізін жалпы дүниетанымдық көзқарастың негізі етіп алып, оны өзінің категориялық аппараты тұрғысынан түсіндіріп, философиялық ойлауды биік деңгейге көтеруіне байланысты кезеңді Сократтан кейінгі немесе классикалық кезең деп екіге бөледі. Бұл антикалық кезеңде өмір сүрген тұлғалардың философиялық ойлаудың биік деңгейіне жетуіне байланысты болды. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 137 | |
Всего комментариев: 0 | |