Пәлсапа пернелері

ЛАО-ЦЗЫ (ЛИ ЭР, ЛАО ДАНЬ, ЛАО ЛАЙ-ЦЗЫ)

(б.д.д. VI-V ғ.ғ. Қытайдың оңтүстігіндегі Чу патшалығы)

Ұлы қытай философы, «Қарт нәресте» немесе «Дана қарт» деген атқа ие болған.

 

Шығармалары:

«Дао дэ цзин» философиялық трактаты.

Қазіргі ғылым Лао-цзының тарихилығына күсән келтіреді, сонда да ғылыми әдебиеттерде оны даосизмнің негізін қалаушы деп есептейді. Сыма Цянның (б.д.д. ІІ ғ.) («Ши цзи» кітабында) айтуына қарағанда, Лао-цзы Чу патшалығында өмір сүрген. Чжоу патшалығының кітапханасының сақтаушы қызметкері болып қызмет еткен, сол жерде Конфуциймен кездескен. Өз ілімінің Қытайда іске асатынына сенбей күмәнданған Лао-цзы Батысқа саяхатқа аттанған. Шекарада оның басшысы Инь Сидің сұрауы бойынша «Дао дэ цзин» кітабын жазып қалдырған, онда ілімін баяндаған. Кейін Лао-цзы жеке тұлғасы мифке айналдырылған. Хань әулеті кезінде ол «Аспан мен Жерден» бұрын пайда болған дао ретінде қабылданады, даостардың жоғарғы Құдайы – Лао-цзюнь («Қарт патша») ретінде сыйыну нысанына айналды.

 

Философиялық көзқарастары:

Даосизм философиясында Дао барлық бар нәрсенің субстанциялық заңдылығы, ғарыш, адам, қоғамның мезгілсіз болмыс заңы, тудырушы бастау, формаға ие болған заттардың генетикалық алғышарты, жол, циклдік уақыт принципі, әлемнің онтологиялық мәнімен бірігуге талпынған адамның өмірлік жолы. Даоға игі күш – дэ тән. Даосизмнің жетекші тұжырымдамаларына цзы жань (табиғилық) және у вэй (әрекетсіздік, мақсатты әрекеттің жоқтығы) жатады. Даосизм ілімге сай өзімшілдік ұстанымдар мен даодан ба тарту адамдардың адасуына ұшыратады, олар әлемді өзіндік мәні болады деп түсіндірілетін жеке заттарға бөлшектей бастайды. Даоның ешқандай шекарасы жоқ – дао әлемде барлығы теңестірілген, біртұтастыққа біріктірілген. Барлық қайшылықтар үйлесімділікке келтірілген, объект пен субъект бір-біріне қарсы қойылмаған. Осыдан даосизм философиядағы релявитизм шығады (Чжуан цзы). Дао – ғарышпен біріккен, ақиқатты аныған данышпан үшін өмір мен өлім туралы қарама-қарсы түсінік жоқ. Даосизмде адам біркелкі психосоматикалық тұтастық, руханилық (жан) мен материалдыққа (тән) бөлінбеген. Рухани бастау – «рух» (шэнь) квазиматериалды субстанция «пневманың» (ци) нәзік күйі ретінде түсіндіріледі. «Рух» денемен бірге өледі және әлемдік «пневмаға» жайылып кетеді, ал дао – универсумы болса – мәңгі, сондықтан оған ұқсас адамда мәңгі болуы тиіс. Мәңгілік даомен қосылған кезде іске асады.

Даосизм тарихының түптамыры Шу патшалығындағы шамандық сенімдермен және магтар, сиқыршылар ілімдерімен байланысты болуы мүмкін. Б.д.д. III-IV ғ.ғ. философиялық рефлексияның нәтижесінде алдыңғы ғасырда стихиялық түрде қалыптасқан түсінік негізінде ілім пайда болады. Оны ұстанғандар кейін б.д.д. І-ІІ ғ.ғ. пайда болған «дао және дэ» (доадэ цзя) мектебіне жатқызылады. Бұл ілімнің ескерткіштеріне аты жартылай аңызға айналған данышпанЛао-цзы жазды деген «дао дэ цзин» және IV-III ғ.ғ. философы Чжуан Чжоудың көзқарастары баяндалған «Чжуан-цзы» трактаттары жатады. Одан басқа Даосизмнің негізін қалаушыларға Ле Юйкоу (люАньды) Хуайнань-цзы (б.д.д. ІІ ғ.) жатқызуға болады. Діни-философиялық жүйе ретінде Даосизм б.д. Лао-цзы және Чжуан-цзы ілімдерінің, натурфилософтар (иньян цзя), «рух» концепциясының, шаманар мен магтардың сенімдерінің, «өлмейтін қасиетті адамдар» (сянь, шэнь сян) туралы түсініктің синтезі нәтижесінде пайда болады. Даостар ілімін ежелде мифтік «Сары императорға» (Хуан ди) құпия ашылған кезе пайда болды деп есептейді. ІІ ғ. Лао-цзы құдай аталып, «даоның денесі» ретінде қабылданады. Сол кезде институцияланған даошылдық бағыт – Тяньши (дао), яғни «аспан ұстаздарының жолы» пайда болады. Бірінші патриархы – Чжан Даолин.

«Аспан ұстазы» титулы Чжан руында мұраға осы күнге дейін беріліп келеді. VII-VIII ғ.ғ. буддизмнің әсерімен даошылдық монахтық институт және монастырьлар пайда болды, ал діни практикада психотехникалық әдістер (медитация) басымдылыққа ие болды, негізгі зейін ішкі өзіндік жетілдіру жолдарына бағытталады. Доасизмнің әдебиетке, өнерге және т.б. қытай мәдениетінің аспектілеріне елеулі ықпалы болған. Даосизм дәстүрлі медицинаға әсері теория жүзінде де (адам денесінің Әлемнің құрылымына сәйкестігі, организмнің тіршілік етуі мен құрылымы туралы ілімдер), практика жүзінде де (инемен емдеу, фармакология) елеулі.

VII ғ. Даосизм Кореяға – Когуре мемлекетіне енді. Жапонияда синтоизмге де өз ықпалын тигізді. Қазіргі күні ҚХР-да даосизмді ұстанушылар Ассоциациясы бар. Даосизм Тайвань мен Гонконгта өте танымал. (жалғасы бар)

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (31/01/2022)
Просмотров: 152 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: