ДУН ЧЖУНШУ (б.д.д. 190 ж. немесе 179 ж. – б.д.д. 120 ж. немесе 104 ж.) Философ, мемлекет қайраткері, конфуцийшілікке мемлекеттік идеология сипатын берген «Хань дәуірінің Конфуцийі», «жаңа мәтіндер мектебінің» көшбасшыларының бірі. Шенеунік қызметіне алу үшін конфуциандық канондар бойынша емтихан алуды бірінші болып енгізген. Император мектебінде сабақ берген, Сыма Цяньнің ұстазы.
Философиялық шығармалары: Дун Чжуншудың идеялық мұрасы 82-философиялық және әлеуметтік-саяси эсселер, оларды құрастырушылар «Чунь цю фань лу» (Көктемдер мен күздердің мол шықтары( деп атаған.
Философиялық афоризмдері: Конфуцийшілдіктің шекарасында жоғары дәрежедегі натурфилософия жасады, онда даосизм мен иньян цзя идеяларын қолданды. Дун Чжуншу бойынша, әлемде барлығы «алғашқыбастаудан» (алғашқы себеп – юань, ұлы шектік – тай цзы) тәрізді пайда болады, ол «пневмадан» (ци) пайда болады және даоға бағынады. Даоның әрекеті қарама-қарсы күштер инь мен янның кезектесіп ауысуымен және «бір-бірін тудырып отыратын» «бес элементтің» (у син) айналымы арқылы іске асады. Бірінші рет инь ян және у син екілік және бестік классификациялық құрылымы бүкіл универсумды қамтитын біркелкі жүйеге біріктірілді. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 155 | |
Всего комментариев: 0 | |