Пәлсапа пернелері

СЮНЬ-ЦЗЫ (СЮНЬ КУАН, СЮНЬ ЦИН)

(шамамен б.д.д. 313 ж., Чжао патшалығы – б.д.д. 238 ж. кейінгі, Чу патшалығы)

Философиялық афоризмдері:

Аспанастың біріктіру, заттарды жақсарту керек, соның нәтижесінде халық өмір сүреді және өзінің өмір сүруіне қажетті заттарды ала алады, ал Аспанастындағы – пайда таба алады, адамдар барлық жағынан сөзсіз бағынады, алты ілім келмеске кетеді, ал он екі философ өз көзқарастарн өзгертеді – қолында билігі бар кемеңгерлер осындай болады.

* * *

Теңдікке жету үшін теңсіздік қажет.

* * *

Әрбір адам әлденені дұрс деп есептейді – бұл данаға да, ақымаққа да бірдей тән. Алайда олардың дұрыс деп есептейтіндері бір-бірінен бөлек; дана мен ақымақтың арасындағы айырмашылық та осында.

* * *

Билеушінің міндеті – қайырымды болу, қарапайым адамдардың міндеті – қара жұмыспен айналысу. Қара жұмыс – игілікке қызмет ететін жұмыс. Қарапайым адамдардың еңбегі ол қайырымды билеушіге бағытталғанда ғана жинақталады.

* * *

Адасу деп не аталуы мүмкін? Тілектермен ғана шектелу адасу болады, жеккөрушілікпен ғана шектелу – адасу, заттардың тек басталуын ғана көру – адасу, олардың ақырын ғана көру – адасу, тек ұзақтағыны ғана көру – адасу, жақындағыны ғана көру – адасу, кең ауқымнан ғана көру – адасу, кемшілікті ғана көру – адасу, көнеге қарай бойлай беру – адасу, бүгінмен ғана өмір сүру – адасу болады. Барлық заттар бір-бірінен ерекшеленеді, сондықтан оларға жақсылап қарасақ сөзсіз адасушылық туындайды. Бұл адамдардың ойлауындағы жалпы дерт.

* * *

Ілім үйренуде кідіруге болмайды.

* * *

Жүрек – тәннің билеушісі және даналықтың иесі. Ол тәнге бұйрық береді, оны қабылдамайды: ол өзі тыйым салады, қозғалуға, ұстауға, алуға, әрекет жасауға және тоқтауға мәжбүрлейді. Сондықта ауызды ашпауға немесе үндемеуге мәжбүрлеуге болады; тәнді иілуге және тіктелуге мәжбүрлеуге болады; жүректі қорқытып, өз ниетін өзгертуге мәжбүрлеуге болмайды. Жүрек өзі дұрыс деп есептеген нәрсені ғана қабылдайды және өзі бұрыс деген нәрсені теріске шығарады.

* * *

Тексеруге болмайтын сөздерге, бұрын болмаған іс-әрекеттерге; бұрын еш жерде естілмеген ойларға – осының барлығына кемеңгер адам сақтықпен қарайды.

* * *

Адам өз табиғатынан керемет қасиеттер мен даналыққа ие болса да, ол сонда да дана ұстаз туып, барлық істе оның соңынан еруі керек, ол жақсы адамдардан дос тауып, олармен достасуы керек.

* * *

Адамның сыпайы, көнгіш болуы оның табиғатына қайшы келеді.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (17/01/2022)
Просмотров: 138 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: