Пәлсапа пернелері

МЭН-ЦЗЫ (МЭН КЭ)

(шамамен б.д.д. 372 ж. Цзоу иелігінде (қазіргі Шаньдун пров. Цюйфу қ.) – 289 ж.)

Атақты қытай ойшылы, Конфуцийдің (Конфуциандықтың) жолын қуушы.

Конфуцийдің қазасынан кейін оның ілімі сегіз тармаққа бөлініп кетті. Олардың ішіндегі ең негізгілері идеалистік бағыттағы Мэн-цзы мектебі мен материалистік бағыттағы Сюнь-цзы мектебі. Мэн-цзы Конфуций ілімдерін жинақтап, бір жүйеге түсірумен ғана емес, сондай-ақ жаңа ойлармен толықтырып отырған.

 

Философиялық көзқарастары:

Оның пікірінше, таным процесінің негізі сезімдік қабылдауда емес, оның ақыл-ойында, парасатында. Мэн-цзы мораль және этика адамның туа біткен табиғатынан шығады. Этикалық-моральдық ұстанымдар адамның табиғатынан әрі жоғарғы күш иесі «Көк-Аспаннан» дегенді алға тартады. Ол бір жағынан адамның тұқым қуалаушылық жолымен келетін қасиеттерді де жоққа шығармайды.

 

Әлеуметтік-саяси көзқарастары:

Мэн-цзы өзінің әлеуметтік-саяси көзқарастарында жеке бір адамзатты алға жетеелйтін тың ойлар да айтып кетті, ол көбіне билік басында отырған адамға да байланысты екенін баса айтады. Ал оған (мемлекет билеушісіне) бағыт-бағдар беріп отыратын қалың көпшілік, сондықтан билік басындағылар халықтың мұң-мұқтажымен санасулары керек немесе кез-келген мемлекеттік мүдде жалғыз адамның емес бүкіл қалың көпшіліктің мақсат-тілегі болуы керек. Өйтпеген жағдайда, халық мемлекет билеушісін биліктен аластатуға құқы бар. Мэн-цзы шашырап жатқан елді бір жерге біріктіруге шақырды.

 

Философиялық афоризмдері:

Адамның оқуға деген қабілеті оның өз табиғатынан ізгі екендігімен түсіндіріледі.

* * *

Адамның табиғаты тек жақсылықтан жаратылған.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (04/01/2022)
Просмотров: 146 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: