Пәлсапа пернелері

МО-ЦЗЫ (МО ДИ)

(б.д.д. 470 – 391 ж.ж.)

Философиялық афоризмдері:

Ертеде адамдар пайда болғанда басқару мен жазалау болмаған-ды..., содан Аспан астындағы тәртіпсіздік жануарлар арасындағы ығы-жығыдай еді. Адамдар былықтың себебі билікті басқарушысының жоқтығынан екенін түсінді. Содан Аспан астындағы дана мен лайықтыны таңдады, сөйтіп оны Аспан астындағы іс-әрекеттерді басқаратын және тұтас бірдей әділеттілік орнататын көк әділеттілік орнататын көк аспанның ұлы етті...

* * *

Елдегі тәртіпті реттеу үшін жөнсіздіктің себебін білу керек. Егер тәртіпсіздіктің себебін біліп, оны болдырмай қойсаң, онда ел гүлденеді және тыныштыққа бөленеді, егер жөнсіздіктің түбірін таппасаң, онда елге тәртіп ендіру мүмкін емес...

* * *

Аспан астындағы адамдарды жек көретін зұлымдар жалпылама немесе жеке сүйіспеншіліктің қайсысына іш тартады? Жауап берейін: әрине, жеке сүйіспеншілікті қолдаушылар Аспан астында әрдайым таусылмас зұлымдық тудырады. Сондықтан жалқының жеке сүйіспеншілігіне ұрынбаған жөн...

* * *

Өткенге қарап болашақты танимыз, айқындыққа сүйеніп жасырыңды танимыз.

* * *

Соғыстың қоқан-лоққы жолымен мемлекеттер арасындағы саяси айтыс-тартыстарды шешпек, сөйтіп құдірет пен атаққа бөленбек үміт – о да Аспан астындағылардың түрлі ауру-сырқаттарын емдеуге бір дәрі-дәрмекті, тіпті ол төрт-бес адамға ғана пайдалы болса да, күштеп ішкізушілікке ұқсайды.

* * *

Егіншілер неге енді егіс өңіріне ерте барады да, кеш қайтады, егістікте керіліп созылмай, ондағы дәнді астықтан, бұрыштан көп өнім алу үшін жатпай-тұрмай тер төгеді, бақташылықта өз өнерін көрсетеді? Не болып қалды? Жауап берейін: Егер ол аянбай еңбек етпесе, онда міндетті түрде кедей болады. Егер де беріліп еңбек етсе, тоқ болады, тер төгіп жұмыс істемесе – аштыққа ұшырайды. Сондықтан ол жалқаулықтың жолын кеседі...

* * *

«Қазіргі адам, - дейді Мо-цзы, - хайуандарға ұқсамайды. Кім еңбекке күш салса, ол өмір сүреді, кім еңбектегі әрекетке сүйенбесе, олар өмір сүрмейді...».

* * *

Соқыр «ақ мәрмәр», «қара көмір» сөздерін айтады және біледі, бірақ оларды түр-түсіне қарап таңдай алмайды, сондықтан ол ақ мәрмәр мен қара көмірді атын білмегендіктен емес, сол заттарды көрсете және ажырата алмағандықтан білмейді.

* * *

Луск әміршісі Мо-цзы ұстаздан сұрады. «Менде екі ұл бар; біреуі оқуды ұнатады, екіншісі байлықты төгуден тартынбайды. Екеуінің қайсысын мұрагер етіп қалдырған жөн?». Ұстаз Мо-цзы айтты: «Тіке жауап қайтарудың реті келмес. Мүмкін, оқуға талпыныс пен байлықты тарату сый-құрмет пен даңқ алу үшін істелініп жатқан шығар. Мысалыға, балықшының балық ұстаудағы ұстамды тұрысы мен шоғырланған кейпі балыққа пайда әкеле қоймас, осндай-ақ тышқанды ұстамақ уланған тұзақ жем оған деген ықыласты білдірмес. Сіз екі балаңыздың ниеті мен қимыл-әрекетінің нәтижесін талдап білерсіз деген үміттемін».

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (27/12/2021)
Просмотров: 142 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: