Пәлсапа пернелері

КУН-ФУ ЦЗЫ

(б.д.д. 551 ж. 28 қыркүйек, Цуйфу – 479 ж. сонда)

Ежелгі қытай ойшылы. Кедейленген ақсүйек әскербасы отбасында дүниеге келген. Ата-анасынан ерте айырылған ол тек он бес жасында ғана білімге құштарлық танытады, ал елу жасында өз мектебін қалыптастырады.

Конфуцийшылдық б.д.д. І ғсырда мемлекеттік ілімге, ал ІХ ғасырдан бастап Қытайдағы негізгі діни көзқарасқа айналды.

 

Философиялық афоризмдері:

Басқаруды есім сөздерді түзетуден бастау керек... Сөз дұрыс жазылмаса, оның негізі жоғалады. Негізі болмаса, онда істеген ісіміз де жүзеге аспайды.

* * *

Қармағында мыңдаған әскери арба-жабдықтары бар мемлекетті басқаруда ықыласты мейлінше осы іс-әрекетке шоғырлат та, (халықтың) сенімін ақта; шығысты үнемдей біл және адамдарды аяғын, халықты тиісті кезде пайдалан.

* * *

Жас бүлдіршіндер үйде ата-аналарын құрметтеуі тиіс, түзде – үлкендерді сыйлауы, іс-әрекетте – сақ болуы, сөзінде – әділ, адамдарды шексіз сүюі, сөйтіп осылайша орындағандардың ынта-ықыласы басылмаса, оны вэнь – мәдениетті оқуға жұмсауы қажет-ақ.

* * *

Егер бекзат кісі өзін салмақты ұстамаса, беделін пайдалана алмаса, онда оның білімдарлығы терең емес. сенімділікке және адалдыққа ұмтыл; өзіңмен тең емеспен достаспа; қателіктерді жөндеуден тартынба.

* * *

Адамдар сені біле бермеді деп, қайғырма. Өзің адамдарды білмейтіңіне ренжі.

* * *

Кімде-кім ескіні қайталай, одан жаңаны таба алса, ол жетекші болуға лайық.

*  * *

Ата-бабаларың еместердің рухына құрбандық шалу – жарамсақтық. Өз борышыңды өтердегі әрекетсіздік – қорқақтық.

* * *

Адамды сүймейтін – адам! Мұнда қандай рәсім-салт ұстанбақ? Адамды сүймейтін адамда қандай ән мен сән болмақ?

* * *

Садақтың жебесін атқанда теріні тесіп өткізу – басты шарт емес. адамдардың күші бірдей емес қой. Бұрынғы аталар жолының ұқтырары осы.

* * *

Адамсүйгіштікке берілген, зұлымдық жасауға ермеген.

* * *

Жеке басының қамынан туындаған қимыл-әрекет күшті наразылық тудырады.

* * *

Бекзат қайраткер тек әділеттікті ойлайды, ұсақ пенде пайданы ғана ойлайды.

* * *

Дәмсіз тамақты жеу, су ішу, шынтақтап бүктеле ұйықтау – мұның бәрі де қанағаттанарлық күй. Маған тер төкпеген байлық пен атақ өтпелі бұлт сияқты.

* * *

Халықты күштеп жұмыс істетуге болады, бірақ не үшін істеліп жатқанын күштеп түсіндіруге болмас.

* * *

Егер сен оның орнында болмасаң, онда оның басқару ісіне араласпа.

* * *

Оқыған кезде білімді ала алмай қалам ба деп қорық, ал оқуды бітірген соң білгенімді ұмытып қалам ба деп қорық.

* * *

Табиғи қасиеттер адамдарды жақындатады, ал қабылдаған әдеттер – алыстатады.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (13/12/2021)
Просмотров: 149 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: