Пәлсапа пернелері

ЕЖЕЛГІ ҚЫТАЙДЫҢ ФИЛОСОФИЯСЫ

Ежелгі Қытай философиясы б.д.д. VI-V ғасырларда пайда болды. Ежелгі Қытай қола дәуірінен темір дәуіріне өтуіне байланысты ауыл шаруашылығы мен қала тұрғындары еңбектерінің бөлінуіне, ақшалай-тауарлық қатынастардың қалыптасуына, ой және дене еңбектерінің бөлінуіне, әртүрлі сатыдағы әлеуметті топтардың пайда болуына әкеліп соқтырды.

Ежелгі Қытай мемлекеті шын мәніндегі шығыстық деспотия болатын. Мемлекет басшысы әрі монах, әрі абыз және жалғыз ғана жер иесі болды. Әртүрлі рангтағы аристократия мемлекеттік қызметте болды. Олардан кейін әлеуметтік сатыда рубасылары, отбасы тұрды. Ал құлдар болса, олар мал сияқты әлеуметтік сатыдан тыс қалды.

Заң болған жоқ, сондықтан әлеуметтік сатыда жоғары тұрғандардың өктемдігінен ешкім тыс ақал алмады. Бірақ мемлекет басшысының (ван) алдында әртүрлі әлеуметтік сатылардың бәрі тең болды. Халық арасындағы қарым-қатынас күрделі, шым-шытырық ритуалдарға негізделді.

Мысалы, тірілердің өлгендерге, олардың рухына, табиғат құбылыстарына, жерге және аспанға деген қарым-қатынас негізінде қалыптасқан діни көзқарас, әдет-ғұрып, дәстүрлермен тығыз байланыстағы ритуалдар жоғары әлеуметтік сатыда тұрғандар мен төменгі сатылардағының арақатынасын нақтылап, айқындайды, т.б.

Қытайлардың сол кездегі дүниетанымдық көзқарастары «Бес кітап» (У цзин) аталатын кітаптарда шоғырланған. Бұл кітаптар өздерін білімді санайтын әр адамның көзқарастарын қалыптастыруда үлкен рөл атқарады.

Ежелгі Қытайда ғылымның да кейбір салалары пайда бола бастады. Мысалы, математика, астрономия, медицина. Осы ғылымдар саласындағы жетістіктер негізінде Ай мен күннің тұтылу мезгілін анықтады, астрономиялық құбылыстар мен жердегі құбылыстардың байланысын айқындауға, күнтізбе, уақыт есептеу, т.б. тәсілін ойлап табуға мүмкіндік туды. Бірақ ғылым әлі де болса әлжуаз қалыпта еді. Бұл жағдай философиялық ілімдердің деңгейіне әсер етпей қойған жоқ.

Біздің дәуірімізге дейінгі үшінші ғасырдың аяғында пайда болған Ежелгі Қытай философиясы кейінірек негізгі алты философиялық бағытқа – мектептерге бөлінді. Олар: конфуцийшылдық, моизм, заң мектебі (легистер), даосизм, тұрпайы философтар (натурфилософия) және атаулар мектебі. Кейін, уақыт өте келе, осы аталған философиялық бағыттар өзгерістерге ұшырап, алғашқы кездегі көптеген идеяларынан алшақтап кетті.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (29/11/2021)
Просмотров: 151 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: