Озық тәжірибе, ортақ әдіс

ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІНЕН ҰБТ-ҒА ДАЙЫНДАУДЫҢ 

ТИІМДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ

               Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) – жаңа технология  бойынша  талапкердің  білім сапасын  білім беру ұйымынан  тәуелсіз бағалайтын мемлекеттік жүйе. Оқушыларды қорытынды аттестаттаудың бір түрі екені белгілі. Аттестаттауды жақсы тапсыру үшін оған сапалы дайындық қажет. Оқушы білімді меңгеріп қана қоймай, оны іс жүзінде қолдана алуы керек. Осы себептен ҰБТ-ға оқушыларды дайындауда тиімді әдіс-тәсілдерді үнемі іріктеп отыру қажет. ҰБТ-ға дайындаудың басты тұлғасы – оқытушы.
 

 Мұғалімге қойылатын талаптар:
-  Оқушылардың білім алу себептерін айқындау;
-  Пәндік оқытуды ұйымдастыру;
-  Тиімді технологияларды қолдану.

Кемшілігі:
-  Тест қорытындысында кемшіліктер анықталады;
-  Тестік бақылауда оқушылардың шығармашылық қабілетін бағалай алмаймыз;
-  Уақыттың аздығына байланысты кемшілік болады;                                                                                       - Жауап белгілеу кезінде кездейсоқтық болуы әбден мүмкін.

 Артықшылығы:
-  Білім беруші мекемеге тәуелсіз бақылау жүйесі;
-  Білім мазмұнына жалпыға бірдей білімді бағалау шкаласының қолданылуы;
-  Әр оқушының білімі мен әр мұғалімнің біліктілік деңгейін шынайы айқындап, оларға талап қою арқылы сапалы білім беруге қолайлы жағдайдың жасалуы.

Ерекшелігі:
- Стандартты түрде жалпы білім тексеріледі;
- Әділетті, оқушылар бірдей жағдайға қойылады;
- Тестік бақылау кең көлемді оқу материалын қамтиды;
- Бағалауы нақты;
- Экономикалық жағынан тиімді (тексеретін адамдар саны, уақыты) .                                                   -Оқушылардың есте сақтау, қайталау, белгілі уақытқа оқып, үлгеру қасиеттеріне тәрбиелейді.

        Оқушылардың жеке ерекшеліктерін және білім сапасын көтеру жұмыстарын  мынандай кезеңдерден көруге болады.
1-кезең. Диагностикалық:
-  Оқушылардың білім деңгейлері анықталды;
- Байқау тестілердің сараптамаларын жасау арқылы қиындық тудырған  мәселелер анықталды;
2-кезең. Практикалық:
- Тест жинақтарымен жұмыс;
- Күрделі тақырыптар бойынша деңгейлік тапсырмалар;
- Топтық және жеке дайындық;
- Тестпен жұмыс істеуде тиімді тәсілдерді қолдану.
3-кезең. Синтетикалық (анықтаушылық):
- Тақырыптар бойынша бақылау тестілері;
- Мониторинг;
- Қатемен жұмыс парағын жүргізу;
 1-топ үнемі 20 ұпайдан жоғары алатын оқушылар , 2-топ 15 ұпайдан 20 ұпайға дейін алатын оқушылар, 3-топ 15 ұпайдан төмен алатындар бойынша жұмыстар жасалуда. 11-сынып оқушыларын қазақ тілінен ҰБТ-ға дайындық деңгейіне қарай топтау

Қазіргі уақытта жылдық жоспар бойынша  барлық өтілген материалдар  пысықталуда.

Тест тапсырмалары: 1. Жабық тест;  2.Тіке жауап тест;  3.Анықтау тест;  4.Сәйкестік тест;  5.Толықтыру тест түрлері жүргізілуде. Тест тапсырмалары қазақ тілі бойынша Мемлекеттік білім беру стандартына сай құрылды.

Тест оқушылардың білімін салыстыруға , білім беру жүйесінде оқушылармен бірге жеке жұмыс жүргізуге мүмкіндік туғызады. Бағдарламалық материалдан тыс ауық-ауық өткізіліп отыратын  жұмыстар оқушылардың қазақ тілі бойынша сауаттылығын арттыруға біршама септігін тигізеді.

Кейбір  жекелеген сұрақтарды қалай тез орындауға болатынын талдап түсіндіреміз.
- сұрақты асықпай, түсіне оқу;
- сұраққа қатысты грамматикалық материалды еске түсіру.
Мысалы: «Салалас құрмалас сөйлемді табыңыз» деген тапсырма берілсе, дұрыс жауапты қалай тез табуға болады?
1-қадам: жалғаулық шылауы бар сөйлемді іздеу;
2-қадам: жалғаулық шылауы бар сөйлем жоқ болса, бірінші жай сөйлемнің баяндауышына қараймыз, ол тиянақты формада тұруы керек.
«Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз » деген тапсырма берілсе, дұрыс жауапты қалай тез табуға болады?
1-қадам: жай сөйлемдерді алып тастаймыз;
2-қадам: баяндауышы тиянақты сөйлемдерді алып тастаймыз, себебі бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз формада тұрады.
 

Қазақ тілі пәнінен   дайындық жұмыстарына арнайы дәптер жүргізіледі. Оқушы дәптерінің беті ортадан бөлініп, сол жақ бетіне тест тапсырмалары,  тапсырманың тұсына  оң жақ бетіне белгіленген дұрыс жауаптың себебін , яғни тіл білімінің  қай заңына ережесі немесе емлесіне сүйеніп белгіленгенін дәлелдейді. Кей жағдайда  белгіленбеген болса, дәлелдеу арқылы оқушы өз  қатесін табады.

Оқушы дұрыс жауапты  белгілеп қана  қоймай, қосымша материалды еске түсіреді, білім жан-жақты пысықталады.

 Қазақ тіл білімінің грамматика саласының синтаксис бөлімі: сөз тіркесі, жай сөйлем, құрмалас сөйлем, сөйлем мүшелері, пунктуация, стилистикадан өткен тақырыптарды пысықтауға арналған. Тілдегі сөздердің өзгеру тәсілдері мен құралдарын, сөз тіркестерін, олардың сөйлемге құралу заңдары туралы теориялық материалдар берілді. Тақырыпты жеткілікті дәрежеде түсініп шыққаннан кейін, өз беттерімен орындауға тапсырмалар (жаттығу жұмыстары, тест) берілген.

Синтаксис тақырыбы бойынша оқушыларға теориялық материалдар толық қамтылып, әр тақырыптан соң қайталауға арналған жаттығу жұмыстары, тест тапсырмалары берілді. Бұл оқушылардың білім деңгейін және ойлау қабілетін анықтауға мүмкіндік туғызады.

Қазақ тілі пәнінен оқушылардың «Синтаксис» тарауы бойынша игеретін білім, білік дағдылары мемлекеттік стандарт талабына сай жасалып, ҚР БМЖМС міндетті бірыңғай дайындық деңгейіне қойылатын талаптар да ескерілді.

Оқушылардың білімін, біліктілігін тексеру аса маңызды жұмыс болғандықтан, ол жоспарлы түрде жүйелі жүргізілуі қажет. Сондықтан сұрақ-тапсырмалар, тест сұрақтары, жаттығу жұмыстары мол қамтылды. Тест сұрақтары оқушыларға неғұрлым түсінікті, ықшам, нақты құрылуы аз уақытта сыныптағы барлық оқушылардың білімін тексеруге қол жеткізді және жауаптары да қоса берілді.

Қазақ тілі пәні – болашақ ел иелерін тәрбиелейтін жалпы білім беретін мектептің білім беру жүйесінде өзіндік орны бөлек, жетекші пән. Өйткені ана тілі жас ұрпақтың дүниені тануының көзі болып саналады. Жоғары оқу орындарына түсуші талапкерлерге мектеп қабырғасында алған білімдерін жүйелі түрде қайталап, нығайтуларына көмектеседі.

Қазақ тіл білімінің грамматика саласының синтаксис бөлімі: сөз тіркесі, жай сөйлем, құрмалас сөйлем, сөйлем мүшелері, пунктуация, стилистикадан өткен тақырыптарды пысықтауға арналған. Тілдегі сөздердің өзгеру тәсілдері мен құралдарын, сөз тіркестерін, олардың сөйлемге құралу заңдары туралы теориялық материалдар беріледі. Тақырыпты жеткілікті дәрежеде түсініп шыққаннан кейін өз беттерімен тапсырмалар (жаттығу,тест) орындайды.

Бұл оқушылардың білім деңгейін және ойлау қабілетін анықтауға мүмкіндік туғызады. Қазақ тілі пәнінен оқушылардың «Синтаксис» тарауы бойынша игеретін білім, білік дағдылары мемлекеттік стандарт талабына сай жасалып, ҚР БМЖМС міндетті бірыңғай дайындық деңгейіне қойылатын талаптар да ескеріледі.

Оқушылардың білімін, біліктілігін тексеру аса маңызды жұмыс болғандықтан, ол жоспарлы түрде жүйелі жүргізілуі қажет. Сондықтан сұрақ-тапсырмалар, тест сұрақтары, жаттығу жұмыстары мол қамтылуы қажет. Тест сұрақтары оқушыларға неғұрлым түсінікті, ықшам, нақты құрылуы аз уақытта сыныптағы барлық оқушылардың білімін тексеруге қол жеткізді және жауаптары да қоса беріледі.

 

 

№1. Тапсырма:  кестені толтыр.   +     -

 

М ы с а л д а р

Сөз тіркесі

Тұрақты тіркес

Күрделі сөздер

қара торы

 

 

+

кетіп қалды

 

 

+

үйде қалды

+

 

 

бауыр басты

 

+

 

кіші балам

+

 

 

селк етті

 

 

+

жолдан өту

+

 

 

мөлдір су

+

 

 

сіркесі су көтермейді

 

+

 

 

 

№2.  Тапсырма: қатынас түрлеріне ажырат:

  1. Шеберлікке үйрену -  меңгеру
  2. Жақсыдан үйрен  -  меңгеру
  3. Мінезін өзгерту -  меңгеру
  4. Тез жетті -  жанасу
  5. Ақша бұлт -  қабысу
  6. Толық бітті -  жанасу
  7. Менің жеңгем - матасу

 

№3.  Тапсырма: қатынас түрлеріне ажырат.

  1. Көп күтті -
  2. Сексен метр -
  3. Уылжыған жүзім -
  4. Орманға жақындау -
  5. Ағылған машина -
  6. Ажардың анасы –
  7. Мен келдім -

 

№4.  Тапсырма:

Құрмалас сөйлемдердің түріне ажыратыңыз:

Бала жасында балықты өзі де аулапты, әкесі де балықшы болыпты.

Келгендердің бәрі риза болсын деп, жан-тәні қалмай қалбалақтауда.

Абай өзін аямайды, бұған еріксіз күні түскен халықты аяйды.

Сөз бен қылық суық көңілді жылытады, немесе жылы көңілді суытады.

Сұрғылт тұман дым бүркіп, барқыт бешпент сулайды.

Адамда жақсы қасиет болмаса, оған бақ та, бақыт та қонбайды.

Бұл күнде Құнанбай өлсе де, құнанбайлық құрымапты.

Тұманның қалыңдығы сонша – түк те көрінбейді.

Сын түзелмей, мін түзелмейді.

Еңбек адамды көрікті етеді және ойды тазартады.

 

№5.  Тапсырма:

Құрмалас сөйлемдердің түріне ажыратыңыз:

Малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек.

Жерді жыртқан біледі, малды баққан біледі.

Күзетші сезіп қалмау үшін, біз жыраның ішімен кеттік.

Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен бірге адас.

Жақсыда кек жоқ, жаманда тек жоқ.

Адамда жақсы қасиет болмаса, оған бақ та, бақыт та қонбайды.

Жалтыр мұзда ешбір салмақ түсірмей, шана өзі сырғанапи келе жатқан тәрізді.

Мүмкіншіліктің бәрі қолымызда: жер біздікі, су біздікі.

Сын түзелмей, мін түзелмейді.

Жетпіс жыл өмір сүрсем де, аз секілді білгенім.

 

№6.  Тапсырма: Жай сөйлемнің түрлеріне ажырат.

  1. Маған сабақтан қалуға болмайды.
  2. Еңбек етсең емерсің.
  3. Күн суытты.
  4. Айсыз, бұлтсыз қараңғы түн.
  5. Сырдың суы ышқынып ағады.
  6. – Қайда барасыз?
  7. Қыста бұл жердің ауа-райы өте суық болады.
  8. Ол ерте келді.
  9. Кітап-білім бұлағы.
  10.  Енді бізге оқымасқа болмайды.

 

№7. Тапсырма: Жай сөйлемнің түрлеріне ажырат.

  1. Мәдени-демалыс паркі.
  2. Сәлем жолдады.
  3. Біздің ашық сөйлесуіміз керек.
  4. Айсыз, бұлтсыз қараңғы түн.
  5. Туған жерге туың тік.
  6. Қартқожа сөйлеп тұр.
  7. –Қайдан?
  8. Аппақ қар екпіндеп ұйытқи соқты.
  9. Ел іші-өер кеніші.
  10. Баланы жаман үйретпеу керек.

 

Білгенге маржан

  1. Синтаксис – грекше құрастыру, біріктіру, байланыстыру мағынасында.
  2. Пунктуация – латынша пунктум (нүкте) деген сөзінен алынған.
  3. Қазақ тілі синтаксисі жөнінде алғаш «Сөйлем жүйесі мен түрлері» деп алып атақты «Тіл-құрал» еңбегінің 3-тіл танытқыш кітабы ретінде 1923 ж. шығарған- қазақ тіл білімінің атасы А.Байтұрсынов.
  4. Мазмұны әуендес болып келетін біріңғай сөйлемдердің әрқайсысынан кейін нүктелі үтір қойылады.
  5. Алынған дәйексөздердің ара-арасынан сөйлем не сөздер қалдырылған жағдайда, сол жерге көп нүкте қойылады.
  6. Лептік те, сұраулық та мәні бар сөйлемдерден кейін екі белгі қабат қойылады. Сөйлемнің қай мәні басым болса, әуелі сол мәнге тиісті белгі қойылады.?! не !?
  7. Бастауыштан кейін сызықша қойылуға тиісті сөйлемдердегі баяндауышқа еді, екен, болды, болады, болып табылады сияқты көмекші етістіктердің бірі тіркессе, бастауыштан кейін сызықша қойылмайды.
  8. Құрмаласқа енген жай сөйлемдерді байланыстырып тұратын бірақ, сонда да, алайда, дегенмен сияқты жалғаулықтар түсіп қалып айтылғанда, олардың орнына үтір мен сызықша қойылады. М: Үйде шешен,-дауда жоқ. Елге мойнымды созам,-көрінбейді. Тұрайын деп еді,- тұра алмады.
  9. Нүктелі үтір санамаланып айтылған мағыналары ыңғайлас сөйлемдердің арасына қойылады.
  10. Жайылмалы әрі өз ішінде үтірлері бар бірыңғай мүшелердің арасына нүктелі үтір қойылады.
  11. Драмалық шығармаларда ремарка кейіпкердің атынан кейін қатар келгенде нүкте жақшаның сыртына қойылады.  М: Баян (аз ойланып).
  12. Драмалық шығармаларда кейіпкердің атынан кейін нүкте қойылмайды.
  13. Ремарка кейіпкердің сөзінің ішінде екі сөйлемнің арасында немесе кейіпкер сөздің аяғына келсе, нүкте жақшаның ішіне қойылады; жақшаның алдынан сөйлемге тиісті тыныс белгісі қойылады. М: Амангелді. Миша! (Жайнаққа.) Әкет!
  14. 1989 жылы 22 қыркүйекте Тілдер туралы Заң қабылданды.
  15. 1997 жылы 11 шілдеде Тіл туралы Заң толықтырылып қайта шықты. Онда 6 тарау, 27 бап бар.
  16. Дүние жүзінде қазірде шамамен 5651 тіл бар. Сөйлеушілерінің саны жағынан қазақ тілі 70-орында.
  17. Қазақ тілі түркі тілдер құрамына, батыс ғұн бұтағына, қыпшақ тобына жатады.
  18. Қазақ тілі жалғамалы тілге жатады.
  19. Тіл білімін филология ғылымы зерттейді.
  20. «Өткірдің жүзі, кестенің бізі, өрнегін сендей сала алмас» А.Құнанбаев.
  21. «Сүйемін туған тілді-анам тілін...» С.Торайғыров.
  22. «Ана тілің-арың бұл» Қ.Мырзалиев.
  23. «Туған тілім-тірлігімнің айғағы...» Ә.Тәжібаев.
  24. «Қазақ тілі –әрі бай, әрі көркем тіл»  М.Әуезов.
  25. «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады...» А.Байтұрсынов
  26. Рецензия-латынша-құрастыру, талдап баға беру, бағалау.
  27. Тезис-гректің автордың қорғайтын қағидасы, келген қорытындысы.
  28. Лексикография – сөздіктер жасау және оларды зерттеу жөніндегі сала.
  29. Этимология – жеке сөздердің, морфемалардың шығу тегін, бастапқы мағынасын, ол мағынаның өзгеру, даму жағдайын зерттейді.
  30. Антропонимика – кісінің фамилиясын, әкесінің атын, кісінің шын аты мен лақап атын, бүркеншік аттарын қарастырады.
  31. Топонимика – жер, су, қала, ауыл, елді мекен аттарын зерттейді.
  32. Семасиология – тілдегі сөздерге тән мағыналарды зерттейді.
  33. Табу (индонезия сөзі «тыйым салу») – бір заттың не құбылыстың атын тікелей атамай, басқа атпен атау.
  34. «Диуани лұғат-ат-түрк» (1073) авторы – Махмуд Қашғари
  35. «Құтадғу білік» (1069-1070) авторы – Жүсіп Баласағұн
  36. «Диуани хикмет» (Даналық кітабы)  - Қожа Ахмет Йассауи
  37. «Қисса-сул әнбия» 12-14 ғ. – Рабғұзи
  38. «Мухаббат-наме» (1353) – Р.Хорезми
  39. «Ақиқат сыйы» (10-12 ғ.) – Ахмет Йүгінеки
  40. «Гүлістан бит түрки» (1292) – Сәйф әс Сарайи.

баспаға әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Бесқарағай ЖОББ мектебі

Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (22/02/2016)
Просмотров: 1290 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: