Оқыту һәм тоқыту
Білімденудің құзыреттіліктерді дамутыға бағытталуы турасында
Бiз оқытуды және бiлiм берудi, егер сабақ барысында мұғалiм мен оқушы арасында өзара әрекеттестiктiң жоғары деңгейiне қол жеткiзсе, «интерактивтi» деп атаймыз. Интерактивтi сөзi – ағылшын тiлiнен аударғанда, inter – аралық, бiрнеше, action – әрекет дегендi бiлдiредi. Өзара әрекеттестiк әдетте, белгiлi бiр мәселенi шешу, ол шешiмнiң тиiмдiлiгi туралы әңгiмелесу, талқылау түрiнде өтедi. Ең бастысы, мұнда мәселенi шешу үдерісі жауапқа қарағанда маңызды екендiгiн түсiну қажет. Бұл интерактивтi әдiстiң м а қ с а т ы – тек ақпаратты беру ғана емес, оқушыларға жауаптарды өз бетiнше табу дағдысын меңгерту екендiгiмен байланысты. Интерактивтi оқыту әдiстерiн қолданатын мұ-ғалiмдер, тек ақпарат беретiн және өздерiнiң қатысуынсыз берiлген тапсырмаларды оқушылардың есте сақтауы нашар болады, оқушылар қолдарындағы көтермелеушi қор – құрдастарының идеяларын пайдалана алмайды деп есептейдi. Зерттеулердiң «бiз қолымызбен iстегеннiң 80 пайызын, оқығанымыздың 20 пайызын, естiгенiмiздiң 10 пайызын ғана есте сақтаймыз» деген қорытындысын жиi естимiз. Айқын тәжiрибе – соның дәлелi. Атпен шабу дағдысын меңгеру үшiн, оны қалай жасау керектiгiн бiреудiң түсiндiргенi немесе оны кiтаптан оқып алу әлi жеткiлiксiз. Ол үшiн шындығында атқа мiнiп барып, дағдыларды меңгерген абзал. Бұлай болатын себебi, iскерлiктi тәжірибе жүзiнде дамыта отырып, бiз бiлгенiмiздi қайта өңдеп, оны әрекетке айналдырамыз. Оқытуды ұйымдастырудың төрт түрлі бағыты бар екені белгілі: балаға жеке өздігінен ізденуге мүмкіндік беру, балаларға топтасып оқып-үйренуге жағдай жасау, оқушыларды өздерін-өздеріне немесе өзара бағалату және іс-әрекет барысында білім игеруге жол ашу. «Жағада тұрып жүзуді үйренуге болмайтыны» сияқты дайын білімді қабылдап алу арқылы қажетті икем-дағдыларды дамыту мүмкін емес. Сондықтан оқушылардың арнайы іс-әрекет барысында құзыреттіліктерді меңгеруі маңызды рөл атқарады. Ол үшін оқыту білімді балалардың өздігінен оқып-үйренуге бағытталуы керек.
Интерактивті негізде оқу мақсаты – білу емес, үйрене бiлу
Оқушылардан шешу үшiн кейбiр нақты дұрыс жауабы жоқ, даулы мәселелердi неге беретiндiгiн сұрағанда, олар: - өзiне деген сенiмге тәрбиелейдi; - шешендiк өнерiн жетiлдiредi; - танымның мәнiн түсiнуге көмектеседi (яғни, кейде абсолюттi шындық болмайтынын); - сыни ойлау дағдыларын дамытады; - өз пiкiрiне деген құқығын түйсiнуi артады; - пiкiрлердiң көптiгiн түсiнесiн және т.б. деп жауап берді. Жоғарыда аталғандарды «үйрене бiлу» деген ұғыммен жинақтауға болады. Яғни, үйрене бiлу – қажеттi дағды, өйткенi ол зияткерлік тәуелсiздiктiң негiзi болып табылады және барлық дамыған және дамушы елдердегi азаматтар үшiн қажет.
жиған-терген ШАҺМАНТЕГІ-ИБРАҺИМ Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
| |
| |
Просмотров: 1209 | Комментарии: 1 | |
Всего комментариев: 0 | |