Ән тарихы

КӨК ШОЛАҚ

Кененнің әкесі Әзірбай өзінің бірнеше жылғы тапқан-таянғанын жинап жүріп, Қырғызстанның Тоқмақ қаласындағы базарына барып, бір ат сатып әкеледі. Сатып әкелген жылқысының құйрық-жалы жоқ нағыз көкшолақ екен. Бірақ әке мен бала мінерлік көлігі болғанына қатты қуанады.

Сол жылы Кененнің ауылымен қатар жатқан көрші елдің Бибол деген байы бес болыс ел шақырып, үлкен той жасайды. Қой соңында жүрген Кенен сән-салтанат құрып, тойға кетіп бара жатқан бір топ қыз-келіншек, жігіттерді көріп, делебесі қозады. Қайткенде де осы тойға оның да барғысы келеді. Сөйтіп, бағып жүрген қойын досы Аянбайға тастап, Көкшолағымен тепең қағып, әлгі топты қуып жетеді. Келген бетте қыз-келіншектерге тиісіп, өлең айта кетеді. Қыздардың ішінен Шәлипа деген байдың қызы жауап қайырып, екеуі айтыса жөнеледі. Шәлипа басына шоқпыт бөрік киген, жыртық тонды қойшыны мазақ етеді:

«Әкең байғұс ұстап жүр қазан-аяқ,

Қойыңды жөндеп баққын сандалмай-ақ» дейді.

Кенен қыздың бұл сөзіне арсынбайды, қайта өршелене түседі. Кенен Шәлипамен айтысқанда өлеңді «Көкшолақ» әнімен айтады. Шәлипа мінген жорғаға ілесе алмай қала берген Көкшолағына ыза болған Кенен әнінің аяғын:

Жылдам жүрші, Көкшолақ,

Шапшаң жүрші, Көкшолақ,

Олай жүрші, Көкшолақ,

Былай жүрші, Көкшолақ,

Діңкең құрғыр, Көкшолақ...

деп келтіреді.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (31/10/2023)
Просмотров: 51 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: