Ән тарихы

ҒАЛИЯ

Ғалия қара сұрлау келген, ат жақты, ұзын бойлы, бетінде аздаған шешек дағы бар, өткір, сөзге шешен, он саусағынан өнер тамған шебер. Салт-жоралғы бойынша Ғалияны жастай Біржан дегенге атастырып, бойжеткен соң ұзатып жібереді. Алайда сүйіп қосылмағаннан кейін, дәм-тұздары жараспай Ғалия төркініне қайтып кетеді. Талдырмаш мүсін, сұлу әйел ақыры Балуан Шолақтың көзіне түсіп, оның жүрегін бірден жаулап алады.

Бұрыңғы әйелінің бақытты болғанына  қарсы болса керек, Біржан қалың малын даулайды. Оны төлеуге Ғалияның әкесі Тілеудің жағдайы жоқ. Іс билер сотында қаралып, оқиғадан хабардар Балуан Шолақ не де болса мал тауып келу үшін Көкшетауға жол жүреді. Онда балуанды басқа тағдыр күтіп тұрған еді. Балуанды ұстап, түрмеге жабады. Ғалия болса, билер сотында Біржанды жеңіп, басына толық азаттық алады. Ал Шөкеңе жоғалған сексен өгіздің жаласына Семейден ұрланған бір топ жылқы қосылып, ісі қиындайды. Ғалия күтумен күндерін өткізеді. Оның үстіне сотта жеңілген жақтың қыспағынан не істерін білмей қиналып жүргенде «Шолақ пәлен жылға сотталып, жер аударылыпты» деген хабарды естиді. Бірақ бұл қарсы жақтың таратқан жалған мәліметі еді.

Осылайша арада біраз уақыт өтеді. Балуан темір торға тоғытылады.  Абақтыда айдан-күннен жаңылған дара талант Ғалиясын сағынғанда  шығарған аңсарлы әнін шырқайды.

P. S. Айтпақшы, Ғалия  Астанадағы Қараөткел зиратында жатыр. Қараөткел зираты Астананың ортасында, Жастар шағын ауданында. Егер біреу бара қалса, зиратқа кірген соң - оң жақ жолға түсіп, сарғыш құлпытасты іздеу керек. бір жақ бетінде Ғ әрібі бар

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (09/10/2023)
Просмотров: 53 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: