Педагогика ғылым мен тәжірибеде тұтас педагогикалық процесті басқару ғылыми тұрғыдан қарастырып, оған қатаң ғылыми негізделген сипат беруге деген ұмтылыс күшейе түсуде. Шындығында басқару тек техникалық және өндірістік процестерге ғана емес, сонымен бірге педагогика сияқты күрделі әлеуметтік жүйе үшін де қажет. Жалпы басқару дегенді - шешім қабылдауға бағытталған, белгіленген мақсатқа сәйкес басқару нысанын ұйымдастыру, қадағалау, реттеу, алынған шынайы ақпарат негізінде талдау жасап, нәтижесінің қорытын-дысын шығару әрекеті деп түсіндіруге болады. Басқару нысаны биологиялық, техникалық, әлеуметтік жүйелер болуы мүмкін. Әлеуметтік жүйенің бірі ауыл, аудан, облыс, мемлекет көлемін қамтитын білім беру жүйесі деп білеміз. Бұл жерде білім жүйесі ретінде ҚР Білім және ғылым министрлігі, облыстық білім департаменттері, аудандық білім бөлімдерін атаймыз. Ал орта мектеп күрделі қозғалыстағы әлеуметтік жүйе ретіндегі мектеп-ішілік басқарудың нысаны болады. Біз мектепті басқару немесе оның компоненттері туралы айтқанда олардың жалпы жүйе - орта мектепті басқарудың бөліктері ретінде қарастырамыз. Ол бөліктерге тұтас педагогикалық, сынып сабақ жүйесі, мектеп тәрбие жұмысының жүйесі, оқушыларға эстетикалық тәрбие, кәсіптік бағдар беру жүйесі және т.б. Мектепішілік басқару дегеніміз біртұтас педагогика-лық процеске қатыстылардың барынша жоғары нәтижеге жетуді көздеген мақсатты, сапалы өзара әрекеттесуі. Біртұтас педагогикалық процеске қатысушылардың өзара әрекеті мынадай бірізді, өзара байланысты әрекеттер мен қызметтердің тізбегінен тұрады, олар: педагогикалық талдау, мақсат қою және жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу және түзету. Мектепішілік басқарудың дәстүрлі ұғымдарын жаңа ұғымдар алмастыруда. Мысалы, ''ықпал ету'' ұғымының орнына ''өзара әрекеттесу'', ''ынтымақтасу'', ''рефлексивті басқару'' ұғымдары қолданылуда. Сол сияқты мектепті басқару теориясы мектепішілік менеджмент теориясымен толығуда. Менеджмент теория-сы басшы қызметінің өзара құрметке, қарамағындағы қызметкерлерге сенім білдіруді, олардың табысты еңбек етуіне қолайлы жағдай туғызуымен ерекшеленеді. Менеджменттің осы қыры мектепшілік басқару теориясын одан ары байыта түскен. Мемлекеттік басқарудың негізгі белгілері Қазіргі заманың білім жүйесінің басты ерекшелік-терінің бірі - мемлекеттік басқарудан мемлекеттік-қоғамдық басқаруға өту. Білім беруді мемлекеттік-қоғамдық басқарудың негізгі идеясы - білім проблема-ларын шешуде мемлекет пен жұртшылықтың күш-қуатын біріктіру, мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналарға оқу процесінің мазмұны мен түрін ұйымдастыру әдістерін және білім беру мекемелерін таңдауға барынша кең құқық пен еркіндік беру. Білім беру жүйесінің мемлекеттік сипаты елде ''Білім туралы'' заң негізінде бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізілуімен ерекшеленеді. Заң аясында Қазақстан Республикасының білім саласына басымдық берілген, яғни еліміздің әлеуметтік-экономикалық, саяси, халықаралық салаларындағы жетістіктері білім саласындағы жетістік-терімен байланыстырылады. Білім саласының басымды-лығы білім жүйесінің материалдық, қаржылық мәселелерін бірінші кезекте шешуді талап етеді. Сонымен бірге білім беруді басқарудың мемлекеттік сипаты ''Білім туралы'' заңда белгіленген мемлекеттік саясат принциптерін мынадай бағыттарымен де айқындайды: - білім берудің гуманистік сипаты, жалпы адамзаттық құндылықтардың, адам өмірі мен денсаулығын, жеке тұлға бостандығының басымдылығы. Азаматтық пен Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу; -республикадағы мәдени және білім беру кеңістігінің біртұтастығы, аз ұлттардың білім беру жүйесінің қорғалуы; - білімнің жалпыға бірдейлігі, білім беру жүйесінің дайындығы, даму деңгейі мен ерекшеліктеріне бейімдел-гіштігі; - білім жүйесінің еркіндігі мен көптүрлілігі; - білім беруді басқарудың демократиялық, мемлекеттік қоғамдық сипаты. Білім беру мекемелерінің дербестігі. Білім беруді басқарудың жергілікті органдары мемлекеттік саясатын мемлекеттік білім стандартарын сақтау арқылы іске асырады. Білім стандарты оқу бағдар-ламасының міндеті минимумы мен оқушылар жүктеме-сінің максимум көлемін және бітірушілерге қойылатын талап деңгейін қамтиды. Білім беруді басқару органдары-ның міндеті білім алуды формальді түрде қамтамасыз етумен шектелмейді, ол сонымен бірге жеке тұлғаның өзін-өзі айқындалуына қолайлы жағдай туғызады. Білім беру саласында мемлекеттік саясатты дәйекті іске асыру үшін білім беруді басқарудың мемлекеттік органдары құрылады. Олар республикалық, облыстық, қалалық және аудандық басқару мекемелері. Мемлекеттік басқару органдары - білім және ғылым министрлігі, облыстық білім департаменттері өздерінің компетенциясы шеңберінде білім берудің мақсат бағдарламаларын жасайды және іске асырады; мемлекеттік білім стандарттарын жасап, білім туралы құжаттардың баламаларын (постификация) айқындайды; білім мекеме-лерін қаржыландырады және т.б. көптеген мәселелерді шешеді. Қазіргі жағдайда білім беруді басқару жұйесін орталықсыздандыру (дезентрализация) процесі жүреді. Оның мәні жоғарғы басқару органдарының бірқатар функциясын жергілікті органдарға беру. Бұл жерде респуб-ликалық органдар стратегиялық бағыттарды талдап жасаумен айналысса, жергілікті органдар нақты қаржылық, кад-рлық, материалдық және ұйымдастырушылық мәселе-лермен айналысуы тиіс. Қоғамдық басқарудың негізгі белгілері Мемлекеттік басқару органдарымен қатар қоғамдық басқару органдары да құрылады. Оның құрамына мұғалімдер мен оқушылар ұжымы, ата-аналар мен жұрт-шылық өкілдері енеді. Олардың басқаруға қатысатындары мектеп ұжымында ғылыми ізденіс атмосферасын және қолайлы психологиялық климат қалыптастыруға алғы- шарт қалайды. Білім беруді басқарудың қоғамдық сипатының нақты көрінісі - мектеп кеңесі сияқты ұжымдық басқару органдарының қызметінен танылады. Кеңес жұмысының мазмұны мен қызметі мемлекеттік нормативтік құжаттарымен айқындалады. Мектептің ең жоғарғы басқару органы жылда бір рет өткізілетін конференция болып есептеледі. Оның өкілеттігі өте кең; жалпы мектептік конференция мектеп кеңесін, оның төрағасын сайлайды, олардың қызметінің мерзімін белгілейді. Әрбір оқу орны конференцияда оқу орнының жарғысын қабылдап, нақты жағдайға қарай оқу орнының дамуын, оның міндеттері мен мақсаттарын белгілейді. Сондықтан да бір мектептің Жарғысы екінші мектептікінен өзгеше болуы мүмкін. Мектеп кеңесі алқалы орган болғандықтан дамудың негізгі бағыттарын, оқу-тәрбие процесінің сапасын көтеру шараларын белгілейді. Сонымен бірге мектеп кеңесі оқу орнының жұмыс бағыттары бойынша тұрақты комиссия, штаб құрып, олардың құқықтары мен міндеттерін өкілеттік шегін белгілейді. Ал, конференцияға шешуші дауыспен орталау және жоғары сынып оқушылары, мұғалімдер, оқу орнының басқа да қызметкерлері, ата-аналар, жұртшылық өкілдері сайланады. Конференциялар аралығында жоғары басты органның рөлі мектеп кеңесіне беріледі. Мектеп кеңесінің қызметі мынадай негізгі бағыт-тарда іске асады: конференция шешімдерін іске асыруды ұйымдастырады; мемлекеттік және қоғамдық органдар оқушылардың мүддесіне қатысты мәселе қарастырғанда ата-аналармен бірге оқушылардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді; бірінші сыныпқа оқушылар қабылданғанда олардың жасын, оқу түрін белгілейді. бюджет шығындардың есебін талқылайды, оқу орнының жеке қорын қалыптастырады, оқу орнының бюджеттік және бюджеттен тыс қаржысын жұмсауының негізгі бағыттарын айқындайды; Мектеп директорының, оның орынбасарларының, жекелеген мұғалімдердің есептерін тыңдайды; Мектеп әкімшілігі және жұртшылық өкілдерімен бірігіп ата-аналарға педагогикалық білім беруге жағдай туғызады. Жұртшылық немесе ата-аналар өкілдерінің бірі бас-қаратын мектеп кеңесі мектеп әкімшілігі және қоғамдық ұйымдармен тығыз бірлікте жұмыс жүргізеді. Кеңестің шешімі ата-аналарға хабарланады. Әрине, кеңес шешімі оған қатысқандардың үштен екісі қоштап дауыс бергенде заңдық күші бар деп есептеледі. Білім беруді басқарудың қоғамдық сипатының арта түсуі білім жүйесін мемлекетсіздендіру және білім мекеме-лерін диверсификациялаудан көрінеді. Мемлекетсіздендірудің мәні мемлекеттік білім беру жүйесімен бірге мемлекеттік емес білім мекемелерінің де құрылуын аңғартады. Олар мемлекеттік ақпарат құралына енбейді, мұғалімдер мен тәрбиешілер, оқушылар мен ата-аналар өздерінің жеке мүдделері, аймақтық, ұлттық, кәсіптік, діни бірлестіктің, топтың мүддесіне жұмыс жасайды. Ал диверсификация (латын тілінен алғанда -көптүрлілік, дамудың жан-жақтылығы) бір мезгілде білім беру мекемелерінің бірнеше типінің қатар дамуы. Мысалы, гимназия, лицей, колледж, жекелеген пәндерді тереңдетіп оқытатын, мемлекеттік емес білім беру мекемесінің бірқатар ерекшеліктері болады. Ондай мекемені басқару тікелей оның құрылтайшысы немесе сол құрылтайшы тағайындаған қамқоршылар кеңесі іске асырады. Мемлекеттік емес білім мекемелерінің қамқоршылар кеңесінің өкілеттілігі, басқару құрылымы, мекеменің басшысын сайлау, тағайындау тәртібін айқындайтын өз жарғысы болады. Педагогикалық жүйені басқарудың жалпы қағидалары Кез келген әрекет, соның ішінде басқару әрекеті де ұйымдастырушы мен басшылық жасаудың барлық функцияларын іске асыруда басшылыққа алатын бірқатар қағидаларды сақтауға негізделеді. Ол қағидалар мақсат қою және жоспарластыру, ұйымдастыру, бақылау және т. б. топтастырылады. Ал басқару қағидалары басқару заңдылығының бейнелену және нақты іске асуын танытады. Мектепішілік менеджменттің негізгі заңдылығы талдағыштық, мақсатқа сәйкестік, ізгілік, басқарудағы демократиялық және мектеп түрлі басқару қызметіне дейін болуы сияқты компоненттерді қамтиды. Осы заңдылықттардан мектеп директорының, менеджердің оқу жүйесін басқарудағы басшылыққа алатын негізгі қағида-лары туындайды. Сонымен негізгі қағидаларға мыналар жатады: педагогикалық жүйені демократизациялау және ізгілеу; орталықтандыру және орталықсыздандырудың парасатты үйлесімі; жеке билік пен алқалы биліктің бірлігі; педагогикалық жүйені басқару ақпараттарының объективтілігі және толықтылығы. Педагогикалық жүйені басқаруды демократияландыру және ізгілендіру Мектепшілік басқару ең алдымен басшылардың, мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналардың бастамашылығы мен өздігінен жұмыс жасай алуын дамытуға бағытталады. Бұл жағдай тек қана шешім қабылдау мен талқылаудың бүкпесіз, ашық жүргізгенде ғана мүмкін. Мектеп басшы-ларын сайлау, педагогикалық кадрларды байқау және контракт негізінде қабылдаудың жүйесі - мектептегі демократияның бастауы. Сол сияқты мектепті басқарудағы жариялылық ақпараттың ашықтығы және түсініктілігіне негізделелді. Мектептің алдында тұрған міндетті, оның қиындығын жете сезінген әрбір мүғалім оған бей-жай қарамайды. Мектеп әкімшілігінің, мектеп кеңесінің тұрақты түрде есеп беріп отыруы оны талқылауға және шешім қабылдауға мұғалімдер мен оқушыларды қатыс-тыруы мектеп өмірінде демократияның орнығуына негіз қалайды. Басқарудың жүйелілігі мен тұтастығы Педагогикалық процесті басқару жүйесінің табиғатын түсіну, басқаруға қолайлы алғышарт жасайды. Мектептегі басқаруды жүйелілік ыңғайының бірінші белгісі - мектепті жүйе ретінде танып, оның негізгі белгілерінен құралатын осы жүйенің тұтастығын көре білу. Екінші белгі мектептің құрылымы болып табылады. Жүйенің құрылымы қалай болса мектептің байланыстары мен қатынастарының дамуы соған тікелей байланысты болмақ. Жүйенің үшінші компоненті оның өзіндік ерекшеліктері мен сипаттарынан туындайды. Дегенмен олардың өзара әрекеттесуі арқылы жүйенің жаңа сапасы қалыптасады. Компоненттердің тұрақты түрде өзара жақындауға ұмтылуы жүйенің тұтастығын айқындайды. Мектепті басқаруда жүйенің төртінші ерекшелігі - оның қоршаған ортамен тығыз және өзгеше байланыстылығын естен шығармаған жөн. Мектеп пен қоршаған ортаның әрекеттесуі екі формада көрінеді. Бірінші жағдайда мектеп өз әрекетін сыртқы ортаға бейімдесе, екінші жағдайда мектеп өз мақсаттарына жету үшін ортаны өзіне бағындырады. Мектепті басқарудағы жүйелілік пен тұстастық мектептің басшысы мен ұжымының басқару қызмет-терінің өзара байланысы мен өзара әрекеттесуін де қарас-тырады. Бұл қағиданы іске асыруда біржақтылыққа жол бермеуге болмайды. Осы қағида арқылы басқару қызметі-нің бірізділігін, қисындылығын, өзара пайдалылығын, оның барлық қызметінің де бірдей маңыздылығын аңғарамыз. Орталықтандыру мен орталықсыздандырудың парасатты үйлесуі Мектеп және педагогика тарихы шамадан тыс орталықтандырудың әкімшілік басқаруды күшейтуге әкеліп соғатындындығына талай рет көз жеткізді. Басқаруды орталықтандыру төменгі буындағы жетек-шілердің, мұғалімдер мен оқушылардың бастамалығын шектеп, оларды өздерінің қатысуынсыз қабылдаған шешімдерді жай ғана орындаушыларға айналдырады. Біржақты орталықтандыру жағдайында басқару қызметінің қосарлануы, уақыт шығыны басшы мен орындаушы-лардың жұмыс бастылығы сөзсіз орындаушылардың жұмыс бастылығы орын алады. Соған сәйкес орталықсыздандыруға шамадан тыс мән беру педагогикалық жүйе қызметінің тиімділігін төмендетеді. Орталықтандыруды орталықсыздандыруға пайдасына жығып беру тұтастай басқару мен әкімшіліктің рөлін төмендетіп, басқарудың талдамалық және қадағалаушылық қызметін жояды. Мектеп тәжірибесі көрсетіп отырғандай демократиялық ойындар және орталықсыздандыруға әсуестенушілік ұжымының қызметі мен өміріне елеулі нұқсан келтіріп, педагогикалық ұжымда түсініспеушілік пен жанжалға негіз болып, әкімшілік пен қоғамдық басқару орындарының бір-біріне қарсы тұруына жол берді. Сондықтан да мектепшілік басқаруды қамтамасыз етуде орталықтандыру мен орталықсыздандыруды үйлестіру әкімшілік және қоғамдық органдар басшыларына бүкіл мектеп ұйымының мүддесін ескеріп, кәсіптік деңгейде шешім қабылдауға мүмкіндік беріп, педагогика-лық жүйенің барлық құрылымдық бөлімдердің қызметін жоғары деңгейге көтеруге жағдай туғызады. Жеке билік пен басқарудың біртұтастығы Бұл қағиданы іске асыру педагогикалық жүйені басқаруда субъективтілікке, билеп-төстеушілікке жол бермеуге бағытталады. Басқару қызметінде әріптестердің тәжірибесі мен біліміне сүйеніп, оларды талдамалар жасау мен шешім қабылдауға қатыстыру, әр түрлі көзқарас-тарды салыстыра отырып оңтайлы шешім қабылдаудың маңызы зор. Оның үстіне алқалық шешім ұжымның әрбір мүшесінің тапсырылған міндетке жеке жауапкершілігін жоққа шығармайды. Басқарудағы жеке билік тәртіпті қамтамасыз етіп, педагогикалық процеске қатысушылардың өкілеттілігін айыптауды және оны қатаң сақтауды қамтамасыз етеді. Егер алқалы билік қабылданған шешімді іске асыру кезеңінде белгілі бір шешім қабылдаса, бұл өте маңызды. Педагогикалық жүйе басшысының жеке билігін билеп төстеуді, беделді алға салу емес, ол терең педагогика-лық бітім мен тұлғаның және әлеуметтік психологияны жете меңгеру, оқушы, мұғалім, ата-ананың дербес-психологиялық ерекшеліктерін жіті есепке алуға негіз-деледі. Басқарудағы жеке мен алқалы билік біртұтастығы-ның көрінісі. Жеке билік шешімді орындауда жеделдігімен ерекшеленсе, алқалы билік біршама ''бәсеңдігімен'' ерекшеленеді. Сондықтан да тактикалық әрекеттерді айқындағанда жеке билікке, ал стратегияны талдап жасағанда алқалы билікке арқа сүйенген дұрыс болмақ. Бұл принцип оқу-тәрбие процесін басқаруда қоғам-дық негізде жұмыс істейтін түрлі комиссиялар мен кеңестердің қызметінен көрініс табады. Әсіресе ұжымдық ізденіс пен қабылданған шешімге жеке жауапкершілік қажет болатын съезд, слет, конференциялардың жұмысы осы қағиданы қатаң басшылыққа алады. Білім беруді басқарудың мемлекеттік-қоғамдық сипаты орталықта және жергілікті жерлерде бұл қағиданың күнделікті практикада орнығуына қолайлы жағдай туғызады. Педагогикалық жүйені басқарудағы ақпараттардың объективтілігі және толықтылығы Педагогикалық жүйені басқару тиімділігі едәуір дәрежеде қажетті және толық ақпараттың болуына байланысты. Ақпараттың объективтілігі және толықтығы ақпараты талдау және өңдеудегі асығыстыққа, дерексіз-дікке қарсы қойылады. Әлеуметтік педагогикалық әдебиетте ақпарат педагог пен тәрбиеленушінің арасындағы байланыс құралы ретінде, кейде жүйе мен қоршаған орта туралы мағлұматтар жиынтығы ретінде қарастырылады. Басқаруда ақпаратты пайдаланудың қиындығы оның тым көптігінен немесе тым аздығынан туындайды. Мектепішілік басқаруда ақпаратты біржақты қарастыруға болмайды. Ақпараттың аздығы да, көптігі де шешім қабылдауға, оны іске асыруды реттеуге кедергі жасайды. Әдетте педагогикалық жүйедегі ақпараттың жетістіктері тәрбиелік қызмет саласынан байқалады. Ал оқу тәрбие процесінде тұлға дамудың бағыттары, оның оқу және оқудан тыс әрекеті, мінезі мен даму ерекшеліктері туралы да ақпараттар жетіспей жатады. Мектепішілік ақпаратпен айналысқан адам оны жинау, өңдеу сақтау және қолданудың әдістерін жете білуі тиіс. Мектеп басшысы, менеджер өз қызметіне бақылау, анкета жүргізу, тестілеу, нұсқаулық және әдістемелік материалдармен жұмыс жасау жиі қолданылады. Техника-лық құралдарды және компьютерлендірудің нәтижесінде материал жинау, оны өңдеудің мерзімі едәуір қысқарды. Қазіргі мектеп басшысының міндеті - мектепішілік ақпараттық басқару технологиясын жасап, енгізу. Ол технологиияны басшымен бірге мұғалімдер де пайдалана алуы тиіс. Педагогикалық жұйені басқаруда кез келген ақпарат маңызды, әсіресе жүйенің оңтайлы жұмыс жүргізу үшін қажетті басқару ақпаратының маңызы ерекше. Түрлі белігілеріне қарап басқару ақпаратын былай топтастыруға болады: уақыты бойынша - күнделікті, айлық, тоқсандық, жылдық; басқару қызметіне қарай - талдамалық, баға беруші, конструктивті, ұйымдық; жиналған мәлімет көзіне қарай - мектепішілік, ведомстволық, ведомстводан тыс; мақсатты пайдалануы бойынша - директивалық, таныстырушылық, кепілдемелік және т.б. Ақпараттық банк қалыптастыру, оны шұғыл қолдану технологиясын енгізуде, еңбекті басқару ғылыми ұйымдастырудың деңгейін арттырады.
|