Түбір сөздердің емлесі Қазақ тілінде түбір сөздер тіл үндесімі бойынша жазылады. §11. Сөздер бірыңғай жуан не жіңішке үндесіммен жазыла-ды: azamat, yntymaq, bosaǵa, turmys; ásem, memleket, izet, úmit, sóılem.
§12. Сөздердің, сондай-ақ сөз тіркесіндегі жеке сөздердің негізгі тұлғасы сақталып жазылады: qulyn (qulun емес), júzim (júzúm емес), kóılek (kóılók емес), júrek (júrók емес), oryndyq (orunduq емес), kók oramal (kóg oramal емес), aq ala (aǵ ala емес), aq aıý (aǵ aıý емес); bara almaımyn (baralmaımyn емес), barsa ıgi edi (barsıgedi емес), baryp pa eken (baryppeken емес), kele jatyr (kelatyr емес). §13. Бірқатар кірме сөздер айтылуы бойынша игерілген түрде жазылады: taýar, nómir, poshta, kástóm, pálte, poıyz, sıez. §14. Қосымшалар түбір сөздің соңғы буынындағы дауысты дыбыстың үндесіміне қарай не жуан, не жіңішке болып жазы-лады: jumys-shy-lar-dyń, qart-tar-dyń, baqsha-myz-da; mekeme-de, bereke-si, teńiz-shi-ler; kitap-tyń, qudiret-ke, muǵa-lim-niń; kógal-ǵa, kógoraı-ǵa. §15. Сөздің соңғы дыбысы қатаң болса, оған жалғанатын қо-сымшалар қатаңнан басталады, дауысты, ұяң немесе үнді бол-са, қосымшалар ұяң не үндіден басталып жалғанады: halyq-qa, qyrat-tar, mektep-ke, kólik-pen; táj-ge, qaryz-ǵa, juldyz-dar; tań-ǵa, pán-der, tal-dyń, kól-ge, bala-ǵa, bala-lar, áje-ge, áje-niń. §16. Түбірдің соңғы буынында үнді дауыссыз дыбыстан кейін тұрған y, i әріптері тәуелдік қосымшасы жалғанғанда түсіріліп жазылады. Мысалы: aýyl – aýly, daýys – daýsy, erin – erni, halyq – halqy, oryn – orny, ǵuryp – ǵurpy, qyryq – qyrqy, kórik – kórki (бет-ажар), árip – árpi, naryq – narqy, paryq – parqy, qulyq – qulqy.
түсірілмей жазылады. Мысалы: qulyq – qulyǵy; kórik – kórigi (ұстаның құралы); qalyp – qalyby (нанның қалыбы); qyryq – qyryǵy (сандық мағына); naryq – naryǵy (термин). §17. Соңғы буынында á әрпі жазылатын түбір сөздерге қосымшалар жіңішке жалғанады: kinási, kinásiniń, kináli, kúnási, kúnásiniń, kúnásinе, kúnásinеn, shúbási, shúbásiniń, shúbásiz, kýási, kýásiniń, kýásinе, kýásinеn, kýálik, kýáger, kúmáni, kúmániniń, kúmándi, kúmánshil. Бірақ ашық дауыстылармен ке-летін қосымшалар жуан жалғанады: kúnáǵa, kúnádan, kinálaý, shúbálaný, kýáǵa, kýádan, kúmánǵa, kúmándaný. §18. s немесе z дыбыстарына аяқталатын сөздерге s, sh да-уыссыздарынан басталатын қосымша жалғанғанда, түбірдің негізгі тұлғасы сақталып жазылады: tuzsyz (tussyz емес), sózsiz §19. n дыбысына аяқталатын сөздерге g, g, b, m дауыссыз дарынан басталатын қосымша жалғанғанда, түбірдің негізгі тұлғасы сақталып жазылады: burynǵy (buryńǵy емес), janǵa (jańǵa емес), qaýynǵa (qaýyńǵa емес), túngi (túńgi емес), tómengi (tómeńgi емес), júgenge (júgeńge емес), janbaıdy (jambaıdy емес), kónbedi (kómbedi емес), senbeıdi (sembeıdi емес), saımanmen (saımammen емес). §20. k, q, p дауыссыздарына аяқталған түбір сөзге тәуелдік жалғауы жалғанғанда, g, g, b болып ұяңданып жазылады: júrek – júregi, súıek – súıegi, kúrek – kúregi; qazaq – qazaǵy, baıraq – baıraǵy, taraq – taraǵy; kitap – kitaby, aspap – aspaby, lep – lebi; Ал осы дауыссыздарға аяқталатын етістік түбіріне көсемшенің -а, -е, -ı жұрнағы жалғанғанда, g, g, b, ý болып жазылады:ek – egedi, tók – tógedi; taq – taǵady, baq – baǵady; kep – kebedi, keýip, jap – jabady, jaýyp, tap – tabady, taýyp. Бірақ sap – sapy, sapynda, tarap – tarapynda, tarapymyzdan, qazaq – qazaqy тәрізді сөздердің түбір тұлғасы сақталып жазылады. §21. Түбір сөзге -hana, -góı, -qoı, -kez, -kesh, -paz, -ger, -ker, -tal, -dar, -qor, -kúnem, -niki (-diki, -tiki), -men (-ben, -pen) тәрізді араб, парсы тілінен енген және төл қосымшалар сөздің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарамай жалғанады: kitaphana, emhana; danagóı, aqylgóı; sánqoı, áýesqoı; arbakesh, baıshykesh; jıhankez; ónerpaz, bilimpaz; zańger, saýdager; kásipker, qairatker; sezimtal, uǵymtal; dindar, qaryzdar; mansapqor, jemqor; paıdakúnem; ataniki, аýyldiki, qаzaqtіkі; qoǵammen, ultpen, qyzben. §22. Екінші сыңары basy, asy, aǵasy, anasy тұлғаларымен келген біріккен сөздерде септік жалғаулары сөздің тәуелдік формасына жалғанады: Elbasyna, Elbasyn, Elbasynda, otbasyna, otbasyn, otbasynda, qonaqasyna, qonaqasyn, qonaqasynda, otaǵasyna, otaǵasyn, otaǵasynda, otanasyna, otanasyn, otanasynda. Тәуелдік жалғауының ІІІ жағы жалғанбайды. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Павлодар қаласы
| |
| |
Просмотров: 530 | |
Всего комментариев: 0 | |