Латын әліпбиіне көшудің жобасы

Дауысты дыбыс әріптерінің емлесі

Дауысты дыбыстарды таңбалайтын әріптер: a, á, е, і, о, о́, u, ú, у.

§1. а, е, і, у әріптері сөздердің барлық буынында жазыла-ды: ana, baqyt, shaǵala, balapan, bota, bolashaq; еlik, egemendik, elgezek, qurmet, kórkem; yqpal, yrys, mysal, jańǵyrý, baqsy, jaqsy; irgeli, irimshik, bilim, izgilik, кishipeıil, senim.

§2. а́, о, о́, u, ú әріптері сөз басында, бірінші буында, сон-дай-ақ қос сөз бен біріккен сөздің соңғы сыңарының бірінші және екінші буындарында да жазылады: ádis, álem, sán, dán, mádenıet, báıterek; ozyq, ońtaıly, qoǵam, torsyq; óris, ómirsheń, kósem, bórik; utymdy, ustaz, qujat, tumar; úrdis, úkimet, júıe, túbegeıli; ataq-dáreje; atakásip, habar-oshar, kásiporyn; sózbe-sóz, kelissóz; el-jurt, tikushaq, qaz-úırek, aqtútek, endigári, ájeptáýir.

  • Ес к е р т у. Кейбір кірме және шеттілдік сөздердің екінші, үшінші буынында да а́, o, ó, u, ú, әріптері жазылады: sirá, kiná, kýá, ińkár, kúmán, shúbá, zámzám, dúdámal; bulbul, maǵlumat, samuryq, májbúr, dúldúl, dástúr, manо́vr, montо́r, parashút, absalút, festıvál, kоbált, banknot, skrınshot.

j, sh мен ı әріптерінің арасындағы а дыбысы жіңішке ай-тылғанымен, жазуда а әрпі таңбаланады: jaı, jaılaý, jaıly, shaı, shaılyq, shaılaný.

Дауыссыз дыбыс әріптерінің емлесі

Дауыссыз дыбыстарды таңбалайтын әріптер: b, d, f, g, ǵ, h, ι, j, k, l, m, n, ń, р, q, r, s, t, v, ý, z, sh, ch.

§3. b, g, d, f, h, j, к, l, m, n, p, q, r, s, t, v, z, sh, ch және ı, y (§6, §7, §9, §10) әріптері сөздің басында, ортасында, аяғын-да жазылады: baılyq, kóbelek, arab; gúl, kógal, pedagog; dáýlet, baǵdar, asteroıd; fılosofıa, múftı, paragraf; hıkaıa, qahar, tarıh; jospar, ereje; muqtaj; kúmis, shekpen, berik; lebiz, alash, táýekel; máńgilik, qaımaq, ǵalym; namys, kóne, dastarqan; parasat, kópir, talap; qurmet, maqtanysh, bolashaq; rýh, ertegi, ómir; saıasat, kelisim, aıtys; tabıǵat, qatal, sáýlet; vırýs, avtor, rezerv; zerde, bilezik, qundyz; shańyraq, búrshik, qylysh; chempιon, kaýchýk, senvıch; ıgilik, jıyn, saı; ýaqyt, áleýmet, taý.

§4. ǵ әрпі сөз басы мен сөз ортасында ғана жазылады:

ǵ́arysh, aǵ́ash, samǵ́a.

§5. n әрпі сөз ортасы мен cөз соңында ғана жазылады: mórtańba, eńbek, tańerteń, meń, zań. Бірақ ńóń сөзінде сөз ба-сында жазылады.

ı, ý әріптерінің емлесі

§6. ı (й), ý (у) әріптері төл сөздерде дара дауыссыз дыбыс ретінде таңбаланады: aı, úı, oıshyl, aý, sáýkele, demeýshi, qaýyn.

§7. Айтылудағы уı (ый), іı (ій) дыбыс тіркестері сөздің бар-лық буынында ı әрпімен жазылады: ıgilik, ınelik, ınabat, ıman; kıim, tıin, tıyn, mıras, sıa, sıaqty; bı, álipbı, tarıhı.

  • Е с к е р т у. Қосар уı (ый) әріптері тек sуı (сый), tуı (тый) сөздерінде (оларға қосымша жалғанғанда да) жазылады: sуılyq, sуıymdylyq, sуıý; tуıym, tуıylý, tуıý.

ıy, ıi әріп тіркестеріне аяқталған етістікке көсемшеніңжұрнағы жалғанғанда, екі ı әрпі қатар жазылады: baııdy, keııdi, moııdy.

§8. ı (и), ý (у) әріптері шеттілдік сөздерде дара дауысты ды-

быс ретінде таңбаланады: ınstıtýt, kıno, granıt; ýnıversıtet, fýtbol, resýrs.

§9. Айтылудағы uy (ұу), úy (үу) дыбыс тіркестері cөздің барлық буынында y әрпімен жазылады: ýyldyryq, ýyz, ýildeý; týys, qýyrshaq, gýil, tintýir; oqý, sý, jazý, kelý, barý.

§10. Айтылудағы ıuy (йұу), ıúy (йүу) дыбыс тіркестері ıy әріп тіркесі түрінде жазылады: baıý, qoıý, oıý, jaıý, taıý, kúıý, túıý, kórkeıý, kóbeıý, súıý.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Павлодар қаласы

 

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (22/12/2018)
Просмотров: 496 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: