§99. Сөз буын жігіне сəйкес тасымалданады: oqý-shylar, oqýshy-lar; bel-sendi, belsen-di; beıbitshilik, beıbit-shilik, beıbitshi-lik. §100. Буын й мен у дауыссыздарынан басталғанда da-ýys (daý-ys емес), sa-ýat (saý-at емес), daıyndyq (daı-yndyq емес), qu-ıyn (quı-yn емес) түрінде тасымалданады. §101. Сөз ішінде үш дауыссыз дыбыс қатар келгенде, сөздің түбірі сақталып тасымалданады: kúńgirt-teý (kúńgir-tteý емес), jańǵyrt-ty (jańǵyr-tty емес). §102. Біріккен жəне кіріккен сөздер буын жігімен тасымалданады: de-malys, dema-lys (demalys емес); kó-goraı, kógo-raı (kóg-oraı емес). §103. Бір буынды сөздер тасымалданбайды: aı, kún, vólt, kvars, pýnkt. §104. Сөздің жеке əрпі келесі жолға тасымалданбайды: ara (a-ra, ar-a емес), aıaq (a-ıaq емес), alaqan (a-laqan емес), uıa (u-ıa, uı-a емес). §105. Бас əріптен қысқарған сөздерді тасымалдауға болмайды: AQSh, TMD, BUU. §106. Кісі есімінің қысқартылған əрпі мен тегі тасымалданбайды: A.Baıtursynuly, B.Momyshuly, Ǵ.Mustafın, Á.Kekilbaı. §107. Цифрлармен келген қысқарған өлшем бірлік атаулары жəне шартты таңбалар тасымалданбайды: 25 ga (25-ga емес), 50 sm (50-sm емес), 50 % (50-% емес). әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Павлодар қаласы | |
| |
Просмотров: 386 | |
Всего комментариев: 0 | |