Латын әліпбиіне көшудің көкжиегі

§73. Басқы əріптерінен қысқарған күрделі атаулар бас əріппен жазылады: EQYU (Eýropadaǵy qaýipsizdik jáne yntymaqtastyq uıymy); AQ (Aksıonerlik qoǵam); AAQ (Ashyq aksıonerlik qoǵam); JShS (Jaýapkershiligi shekteýli seriktestik); DDSU (Dúnıejúzilik densaýlyq saqtaý uıymy). Қосымшалар қысқарған сөздің айтылу заңдылықтарына сəйкес дефис арқылы жазылады: EQYU-ǵa; ЕO-ǵa; JShSnyń, JShS-ǵa ; AQ-nyń; DDSU-ǵa; TMD-ǵa, MKK-ge. Бірақ AQSh-qa деп жазылады.

§74. Ағылшын тіліндегі атауы бойынша қысқарған əлемдік мəртебесі жоғары халықаралық ұйым атаулары түпнұсқа тіліндегідей жазылады: UNESСO, USAID, NATO, EXPO. Қосымшалар қысқарған сөздің айтылуына қарай дефис арқылы жалғанады: UNESСO-nyń , -ǵa; USAID-tyń , -qa; NATO-nyń , -ǵa; EXPO-nyń, -ǵa.

§75. Аралас қысқарған сөздер төмендегідей жазылады: QazUÝ (Qazaq ulttyq ýnıversıteti); Eýroodaq (Eýropalyq odaq). Қосымшалар соңғы буынға үндесіп жалғанады: QazUÝ-dyń , -ǵa; Eýroodaq-tyń, -qa.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Павлодар қаласы

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (27/05/2019)
Просмотров: 389 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: