§50. Əрбір жаңа сөйлем бас əріппен жазылады: Qonaqúıde, dóńgelek ústel ústinde qyzǵylt, kúńgirt sáýlesi bar tas sham janyp tur. Qyryn otyrǵan ákesiniń úlken kesek pishini Abaıǵa jartylaı ǵana kórinedi (M.Áýezov). §51. Өлеңнің əрбір жолы бас əріптен басталады: Paıda oılama, ar oıla, Talap qyl artyq bilýge. Artyq bilim kitapta, Erinbeı oqyp kórýge (Abaı). Жалқы есімдер емлесі §52. Кісінің аты, əкесінің аты, тегі бас əріппен жазылады: Dýlat Saǵynuly Berdáli, Qyrmyzy Nábıqyzy Seıdimbek. §53. Кісі есімдеріне жəне -ov, -ev жұрнағымен аяқталған кісінің тегіне қосымша түбір сөздің соңғы буынына сəйкес үндесіп жалғанады: Álıhannyń , Álıhanǵa; Kúnsulýdyń, Kúnsulýǵa; Nábıevanyń, Nábıevkе; Baıǵaraevanyń, Baıǵaraevqa. Е с к е р т у. Соңғы буыны á-мен аяқталған кісі есімдеріне қосымшалар §16 бойынша жуан жалғанады: Kúlásh-qa, Kúláı-ǵa, Bilál-ǵa . §54. Екі сөзден құралған кісі есімдері бірге жазылады: Tóremurat, Aısáýle, Saqypjamal, Ábilqasym, Qasymjomart, Batyrhan, Tursynzada, Nurǵalı, Aıgúl, Aqbala, Aqylbek, Jaqsybaı, Shárbaný, Toqqoja, Nurbıke, Nuraıym, Nurdildá , Bıbihanym, Asyljan, Ahmetqazy. §55. Кісі есімдері сыңарларының жігіндегі дыбыстар айтылымына сəйкес жазылады: Aıǵyz, Baıgeldi, Jumaǵul, Qaragóz, Kenjáli, Bıbajar, Qojahmet. §56. Араб, парсы тілінен енген кісі есімдері қазақ тілінің дыбыстық заңдылығына сəйкес жазылады: Ysqaq, Yrysjan, Yrysaldy, Ysmaıyl немесе Symaıyl, Muhambet, Ybyraıym, Bátıma, Qasen, Qusaıyn, Qadısha, Pazyl, Ábdiqadir, Álbeıbarys. §57. Тарихи тұлға есімдеріндегі көмекші сөздер сөз басында бас əріппен, сөз ортасында кіші əріппен дефис арқылы жазылады: Ábýnasyr ál-Farabı, Leonardo da Vınchı, Janna d’Ark, Fon der Gols, Lıýdvıg van Bethoven, Ál-Farabıdiń murasy barlyq túrki halyqtaryna ortaq. Көрсетілген есімдерге қосымшалар буын үндесіміне сəйкес жалғанады: Leonardo da Vınchı (-diń, -ge); Fon der Gols (-tyń, -qa); Vılgelm fon Gýmboldt (-tyń, -qa). §58. Ертегі, миф кейіпкерлерінің аттары бас əріппен жəне бірге жазылады: Jelaıaq, Jeztyrnaq, Saqqulaq, Taýsoǵar. §59. Құрамында bı, jyraý, ata, ana, batyr, abyz, aqyn, bahadúr, han, seri, sal, datqa, sultan, qajy, sulý, begim, hanym, myrza сөздері бар ұлттық-мəдени қоғамдастыққа танымал кісі есімдерінің алдыңғы сыңары – бас əріппен, екінші сыңары кіші əріппен бөлек жазылады: Móńke bı, Buqar jyraý, Adam ata, Haýa ana, Qorqyt ata, Domalaq ana, Jalańtós batyr, Baıserke abyz, Dýlat aqyn, Ábilǵazy bahadúr, Abylaı han, Aqan seri, Birjan sal, Baızaq datqa, Baraq sultan, Qunanbaı qajy, Baıan sulý, Aısheker hanym, Rabıa begim. §60. Дəстүрлі мəдениетте ерекше орын алған кісі есімдерінің алдында қолданылатын тұрақты эпитеттер бас əріппен жазылады: Úkili Ybyraı, Qyz Jibek, Máshhúr Júsip, Qazdaýysty Qazybek bı, Er Tarǵyn, Qaraqypshaq Qobylandy, Jaıaý Musa, Er Tóstik. §61. Жануарлар мен құстарға қойылған күрделі атаулар бас əріппен жəне бірге жазылады: Aıtóbel, Qoıankók; Bóribasar, Aqtós, Qaratorǵaı. Жер бедері, аспан денелері атауларының емлесі §62. Географиялық жəне астрономиялық атаулар бас əріппен жазылады: Alataý, Jetisý, Ertis, Jaıyq; Kún, Аı, Jеr, Sholpan, Jetiqaraqshy, Súmbile, Úrker. §63. Muhıt, asý, aral, qum т.б. сөздермен келетін жер-су жəне астрономиялық атаулардың бастапқы сыңары бас əріппен жазылады: Qara teńiz, Tynyq muhıty, Kúngeı asýy , Barsakelmes araly, Borsyq qumy. §64. Тұрақты анықтауыш арқылы қалыптасқан күрделі жер-су атауларының екі сыңары да бас əріппен жəне бөлек жазылады: Kishi Azıa, Ortalyq Qazaqstan, Batys Qazaqstan, Qıyr Shyǵys, Taýly Altaı. §65. Күрделі жер-су атаулары бас əріппен, түбір тұлғасы сақталып, біріктіріліп жазылады: Araltóbe, Úsharal, Kókshetaý, Betpaqdala, Jarkent, Marqakól, Saryarqa, Saryaǵash, Jańaarqa. §66. Қосарланған жер-су атауының екі сыңары да бас əріппен, дефис арқылы жазылады: Aqsý-Jabaǵyly qoryǵy, Úıtas-Aıdos jerasty sýy, Saıram-О́gem ulttyq parki, Balqash-Alakól oıysy. Күрделі атаулар емлесі §67. Мемлекет жəне ең жоғарғы мемлекеттік басқару органдары мен лауазым атаулары бас əріппен жазылады: Qazaqstan Respýblıkasy, Qazaqstan Respýblıkasynyń Prezıdenti, Qazaqstan Respýblıkasynyń Premer-mınıstri, Qazaqstan Respýblıkasy Parlamenti Májilisiniń Tóraǵasy, Qazaqstan Respýblıkasynyń Úkimeti. Бірақ мемлекеттік лауазым атауларындағы hatshy, mınıstr, depýtat, ákim, orynbasar, basshy, tóraǵa сөздері кіші əріппен жазылады: Qazaqstan Respýblıkasy Memlekettik hatshysy, Qazaqstan Respýblıkasy Qarjy mınıstri, Qazaqstan Respýblıkasy Parlamentiniń depýtaty, Túrkistan oblysynyń ákimi, Qazaqstan Respýblıkasy Prezıdenti ákimshiligi basshysynyń orynbasary, Ádistemelik bólim basshysy, Til komıtetiniń tóraǵ asy. §68. Мемлекеттік əкімшілік-басқару органдары (министрлік, комитет, департамент, кодекс т.б.), заңнамалық құжаттар күрделі атауларының бірінші сөзі бас əріппен жазылады: Qarjy mınıstrligi, Qazaqstan Respýblıkasy Qarjy mınıstrligi, Qazaqstan Respýblıkasy Ishki ister mınıstrligi, Qazaqstan Respýblıkasy Qarjy mınıstrliginiń Memlekettik múlik jáne jekeshelendirý jónindegi komıteti, Qazaqstan Respýblıkasy Aqparat jáne komýnıkasıalar mınıstrliginiń Aqparattandyrý departamenti, Qazaqstan Respýblıkasynyń Eńbek kodeksi. §69. Оқу орны, ғылыми мекеме, қоғамдық ұйым, өнер орталықтарының жəне олардың құрылымдық бөлімшелерінің атаулары бас əріппен жазылады: Ál Farabı atyndaǵy Qazaq ulttyq ýnıversıteti, Sh.Ýálıhanov atyndaǵy Tarıh jáne etnologıa ınstıtýty, Qazaqstan Sýretshiler odaǵy, Abaı atyndaǵy Opera jáne balet teatry, Qazaq ulttyq ýnıversıtetiniń Tarıh fakúlteti, Shyǵystaný fakúltetiniń Shyǵys fılologıasy kafedrasy; Til bilimi ınstıtýtynyń Til mádenıeti bólimi, Jazýshylar odaǵy Kórkem ádebıet bólimi, Til bilimi ınstıtý tynyń Ǵylymı keńesi. §70. Ғимарат, ескерткіш, көркем əдебиет, музыка, сəулет, өнер туындылары атауларының алғашқы сөзі бас əріппен жазылады: Beıbitshilik pen kelisim saraıy, Qazmedıa ortalyǵy, Táýelsizdik saraıy, Áziret Sultan meshiti, I.Esenberlınniń «Kóshpendiler» trılogıasy, «Alasapyran» romany, «Aıqyn» gazeti, «Qazdar qaıtqanda» áni, «Máń gilik el» monýmenti. §71. Маңызды тарихи оқиғалардың, мереке атауларының бірінші сөзі бас əріппен жазылады: Aqtaban shubyryndy, Jeltoqsan kóterilisi, Qurban aıt, Naýryz meıramy, Qazaqstan halqynyń birligi kúni, Bilim kúni. §72. Мемлекеттік марапаттар, атақтар бас əріппен жазылады: Qazaqstan Respýblıkasy Memlekettik syılyǵynyń laýreaty, «Halyq qaharmany» ataǵy, «Altyn qyran» ordeni, «Eren eńbegi úshin» medali, «Altyn alqa» tósbelgisi. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Павлодар қаласы
| |
| |
Просмотров: 437 | |
Всего комментариев: 0 | |