Қос сөздер дефис (-) арқылы жазылады. §39. Қайталама қос сөздер дефис арқылы жазылады: lek-lek, alýa n-alýa n, júr e-júr e, kór e-kór e, só ıleı-sóı leı, bıik-bıik, kóp -kóp , taý- taý, qaıta-qaıta. §40. Қосарланған еліктеуіш, бейнелеуіш сөздер жəне көңіл-күй, шақыру одағайлары дефис арқылы жазылады: jalt-jult, satyr-sutyr, qalt-qult, shaqyrshuqyr, shart-shurt, sart-surt, tars-turs, pah-pah, shekshek, qyraý- qyraý. §41. Сыңарлары өзара мағыналас жəне қарамақарсы, жиынтық жəне жалпылама мəндегі, сондайақ мағынасы көмескіленген қос сөздер дефис арқылы жазылады: syı-qurmet, ú git-nasıhat, oı-ór is, ydys-aıaq, telegeı-teńi z, salt-dás túr , er-toqym, el-jurt, jer-jahan, kú sh-qaırat, oń tú stik-shyǵ ys, jú rek-tamyr syrqaty, shtrıh-kod, oqý- jattyǵý , á kimshil-qysymshyl; ú lken-kishi, ká ri-jas, alys-jaqyn, ashshy-tushshy, alys-beris, joǵ ary-tó men, kó shi-qon, aıtty-aıtpady, kirer-kirmesten, kelimdi-ketimdi, kár i-qurtań , kóı lekkón shek, et-met. §42. Қосарланған болжалдық сан есімдер дефиспен жазылады: bir-eki, alty-jeti, ú sh-tó rt, otyzqyryq, altaý- jeteý, bireý- ekeý. §43. Грамматикалық тұлғалармен келген қос сөздер дефис арқылы жазылады: týr adan-týr a, qoldyqolyna, óz inen-óz i, qaraptan-qarap, bardy-joqty, azdykóp ti, tekten-tekke, teginnen-tegin, qolma-qol, betpebet, kóz be-kóz , jolma-jol, barar-barmas; bılep-tós tep, sharshap-shaldyǵ yp, kó rgen-tú ıgen, jý yp-shaıyp, qyryp-joıyp, jylap-eńi rep, ós ip-ó nip. §44. Араб цифрымен берілген санға қосымша дефис арқылы жалғанады, сондай-ақ түсірілген -ynshy (-inshi), -nshy (-nshi) қосымшасының орнына дефис қойылады, ал рим цифрымен берілсе, дефис қойылмайды: 6-ǵa , 100-ge deıin, 10-15-ten; 2018-jyly, 5-sanat, 3-kireberis, 10-qazan, 2-aqpan, 136-bap, 1-úı , 9-pá ter, ХХІ ǵ asyr, III tom, IV taraý . Бірақ № шартты белгісімен тіркесетін араб цифрлы сан есімдер дефис арқылы ажыратылмайды: №82 mektep, dırektordyń №5 buıryǵy , №107 qaýl y, №17 kiris. §45. Цифрға тіркелетін % (процент), 0С (Цельсий) таңбаларынан кейін жалғанатын қосымшалар дефис арқылы жазылады: 50 %-kе, 10 0С-den tó men. §46. Күшейткіш буынмен келетін сөздер дефиспен жазылады: ap-anyq, qyp-qyzyl, sap-sary, jap-jaqsy, sú p-sú ıkimdi, quba-qup. Бірақ appaq, kók peńb ek болып жазылады. §47. Кірме негіздер, аббревиатуралар мен сандардың төл жəне шет тілінен енген сөздермен қосарланған атаулары, сондай-ақ ýeb, eks сөзалды сыңарларымен келетін сөздер дефис арқылы жазылады: breın-rıng, kofe-breık, market-meıker, shoý-bıznes, tok-shoý, blıs-saýa l, feıs-baqylaý, art-kafe, pop-mýz yka; MP4-pleerleri, USB-tasymaldaýs hy, SDkarta; VIP-palata, IT-mamandar, PR-menejer. §48. -aq, -aı, -aý, -dy, -di, -mys, -mis, -tin, -tuǵy n шылаулары дефис арқылы жазылады: sen-aq, shamaly-aq, kelmeıdi-aý , á demisin-aı, aıtqan-dy, barypty-mys, kelipti-mis, kó retin-di; еrek-tin, bartuǵy n, joq-tuǵy n. §49. Қысқарған сөзге қосымшалар дефис арқылы жалғанады: AAQ-nyń, QazUPÝ -ǵ a, TMD-ǵa. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Павлодар қаласы
| |
| |
Просмотров: 435 | |
Всего комментариев: 0 | |