Күй аңызы

ӘБДИДІҢ ҚОСБАСАРЫ

1931 жыл. Үкіметті жақтағандар Әбдиді ұстап алып, сол ауылдағы түрмеге жабады. Ол кезде темір тор қайдан болсын?! Түрме дегені – бір бос тұрған киіз үй. Есік алдында тұрған күзетшілері де араласып жүрген адамдар.

Соның біріне: «Осы ауылда Әбікен деген жігіт бар еді. Шақырып жіберіңдерші. Көкейімде күй кетіп барады, үйретіп кетейін» деген екен.

Әбікен келгенде домбырасын алып, бір жаңа күй шерте бастайды. Күй аяқталғанда «ұқтың ба?» дегендей қарағанда Әбікен «Ақке-ай, тағы бір рет шертіп беріңізші» десе керек. Домбыра қайта күңіреніп кетеді.

 ... Сол күні кешке шер көкірек Әбди атылады. Күй Әбікеннің көкірегінде кетеді. Осы күйді Әбікен Хасенұлы отыз жылдай жасырып тартып келіп, өмірден қайтарында ғана Әбдидің аманатын «Әбдидің қосбасары» деген атпен күй табаққа жаздырып кетеді.    

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (03/06/2025)
Просмотров: 9 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: