Күй аңызы

САҒЫНЫШ

Төлеген Момбековтың атақты «Салтанат» білмейтін қазақ шығар. Сол күйімен байланысты бірнеше күйлер топтамасы бар. Олардың қатарында «Сағыныш» күйі бар.

Төлегеннің жары – Пернеш Сыздыққызы қайтқан соң шиеттей көгенкөз балаларымен күйші жалғыз қалады. «Өлмектің артынан өлмек жоқ», елмен қатар қоңыртөбел күн кешіп жүріп жатады.

Бір күні дастарқан басында ас ішіп отырған кезде балалары анасы туралы әңгіме айта бастайды. Бір баласы «апам нанды жақсы пісіретін» десе, екіншісі «анамның көжесін сағындым» дейді.

Кіші қызы Салтанат болса «апам сүт пісіргіш еді ғой» деп мұңданады. Сонда күйші «Шырақтарым шешесін сағынып жүр екен-ау» деп «Сағыныш» атты күйді шертеді.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (04/02/2025)
Просмотров: 22 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: