Күй аңызы

ШАЛҚЫМА

«Әсіресе Сүгірге әсер еткен жөгі елінен шыққан атақты қобызшы Дүкеннің Ықыласымен кездесуі еді. Бұл жөнінде Сүгір былай дейтін:

«Ауылымыз Жетіқоңыр құмының өр басында отырған, қариялар намаз оқуға тұрған кез болатын, мен де таңасып тұрған атымды отқа қоюға шыққанмын, сол кезде құлағыма қобыз үні естілді. Тыңдап тұра бердім.

Қобыз даусы барған сайын жақындай берді. Бара-бара екі аттылының қарасы көрінді. Қобыз дауысы құйқылжып құлаққа жағып барады. Аттың ерін алып, жүгенін сыпырып, өріске жібердім де келе жатқан аттылыны күтіп тұра бердім. Бұлар Ықылас қобызшылар екен. Алыс жолдан үдере тартып келеді екен, қобызды ұйқыашарға тартып отырыпты. Сол сапарда біздің ауылда екі аптадан аса жатты. Сол жолы Ықылас тартқан күйлерді домбырада тартатын болдым».

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (11/06/2024)
Просмотров: 32 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: