АРМАН Кәлек күйшінің өз күйі. Бұл күй жайлы автор былай деген екен: «Кішкентай кезім болса керек. Үлкендердің сыбызғы тартқанын көріп, мен де сыбызғы тартуды армандадым. Ақырындап дыбысын шығарып, ептеп күй тарта бастадық. Тағы бір жолы әкем сияқты дәулескер күйші атануды армандадым. Арманым орындалғандай. Сыбызғы күй тартуым жаман емес сияқты. Кейін ауыл арасында ғана жүрмей, үлкен сахналарға шығуды армандадым. Ол мұратқа да жеттік. Театр мен үлкен залдардың төрінде тұрып, сыбызғымызды сайратып жүрдік. Осы бір уақытта «адам армандап, еңбек етсе бәріне де жетуге болады екен ғой» деп түйдім. Сол кезде шығарған күйім еді. Өзім атын «Алыстағы арман» деп қойған едім. Қазір барлығы «Арман» деп тартып жүр". баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 35 | |
Всего комментариев: 0 | |