Күй аңызы

ЖАРАЛЫ АҚ БӨКЕН

Ертеде бір мерген өмір сүріпті. Аңшылықты кәсіп етіп, ауыл-аймағын асырап жүрсе керек. Аңға шыққан сайын, “қанжығама бәленбай олжаны байлаймын” деп ниеттеніп жүреді. Одан басқасын көрсе де керек қылмайды екен.

Күндердің бір күнінде тағы да далаға аттанады. Бұл жолғы ниеті – ақбөкен. Жол-жөнекей басқа ақ пен құс кездессе де, елемей жүре беріпті. “Оғымды тек ақбөкенге жұмсаймын” дейді. «Іздеген – табар» дегендей, күн сарыла жүріп бір ақбөкен үйіріне кезігеді.

Қанжығам майланды, табан терім ақталды деп ыңғайлана береді. Іштей “сенде жазық жоқ, менде азық жоқ” деп дұғасын айтып, мылтықтың шүріппесін басып қалады. Ақбөкендер үрке жөнеліп, қыратты асып кетеді.

Аңшы мерген бірден көздеп атқан бөкенін іздейді. «Құралайды көзінен атқан» мерген осы жаңылыпты. Атқан оғы бөкеннің артқы сирағына тиіп, ақсаңдап ол да қашып бара жатады. Сонда мерген

«Мен ешқашан мүлт кетпейтінмін. Атқаным, сол жерде құлайтын. Үлкендер ақбөкенді атпа, киесі оны сақтайды, сені ұрады деуші еді. Сол екен ғой. Есіміз барда елімізді табайық» дейді.

Ауылға келіп, осы әңгімені айтып берсе керек. Сол әңгіме-дүкеннің ортасында бір сыбызғышы да отырған екен. Әңгіменің желісімен бір күй тартады. Халық арасында бұл күй «Жаралы ақ бөкен» деп аталып кетеді.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (13/05/2024)
Просмотров: 32 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: